Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Білімдік білімділер мен тапқырлар сайысы
Астана қаласындағы Халықаралық үздіксіз
білім беру колледжінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жиымбаева Рысжан Ермұханқызы


Тақырыбы: «Білімдік білімділер мен тапқырлар сайысы»
Мақсаты:
5 сынып оқушыларының пәннен білімін, ойларын, тапқырлық пен шапшаңдықтарын тексеру, жан - жақты білімдерін байқау.
Қазақ тіліне, ұлттық құндылықтарға үндеу, тәрбиелеу.
Сөйлеу тілдерін дамыту.

Көрнекілігі: Сайыстың аты жазылған кеспе қағаздар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: наурыздың 12 мен 17 аралығында біздің мектебімізде қазақ тілі апталығы өтіп жатыр. Яғни бүгін 5 сыныптар арасында қазақ тілінен білімдерін, ойлау қабілеттерін байқау мақсатында осы шара ұйымдастырылып отыр. Сайысты бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен таныса отырайық. Олар жоғары сынып оқушылары – Коригов Сұлтан., Күзембаева Тоғжан, Үмбетова Жәния.

І. Таныстыру: Топтар аттарын таныстырады, ұрандарын айтады.
І топ: «Сұңқарлар»; ІІ топ: «Жас қыран»; ІІІ топ: «Айгөлек».

ІІ. Сұрақтар сайысы:
Қазақтың ұлттық ойындарын атаңдар?
Туған жер сөзінің синонимін айтыңдар?
Үлкен сөзінің антонимі?
Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстардың неше түрі бар?
Тәуелсіздік күнін атаңдар?
Наурыз көже неше тағамнан жасалады?
Адамның дене мүшелерін атап беріңдер?
Бір жылда неше мезгіл бар?
«Сильный» сөзінің аудармасын табыңдар?
Биенің сүті қалай аталады?
Жылқының төлі қалай аталады?

Түйенің төлі қалай аталады?
Көктемдегі алғашқы мерекені атаңдар?
Мынау кімнің портреті?
Көктем айларын атаңдар?

Бәріне ортақ сұрақ: берілген суреттердегі көріністерге ат қойыңдар.

ІІІ. Мақалдар сайысы. «Жас қыран» тобы «Достық» туралы
«Сұңқарлар» тобы «Туған жер» туралы
«Айгөлек» тобы «Өнер - білім» туралы

ІҮ. Шығармашылық сайыс. Әр топ сурет бойынша әңгіме құрастырады.
4 сынып оқушысы Момынбаева Әсемжанның орындауында музыкалық сәлем.
Ү. Топ басшыларының жарысы. Әр топтың басшыларына бірдей тапсырмалар беріледі. «Жаңылтпаштар» сөзінен жаңа сөздер құрастыру.
ҮІ. «Кім жылдам?» жарысы. Топтар сандықтың ішінен орыс тіліндегі сөздерді алып, оны қазақ тіліне аударады да, ыдыстағы суды қасықпен келесі орынға жеткізіп, ондағы ыдысқа құяды.

ҮІІ. Музыкалық тапсырыс.
«Жас қыран» тобынан Евсиков Виктор «Отан» өлеңін жатқа оқиды.
«Сұңқарлар» тобынан Матжанова Динара «Сүйген жүрек» әнін орындайды.
«Айгөлек» тобынан Варченко Иван пианино тартады.

ҮІІІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі.
ІХ. Әділқазылар алқасына сөз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама