Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
«Білімділер керуені»
Ақтөбе қаласы, №40 орта мектептің
физика пәнінің мұғалімі Бурибасова Гулжамал. Аманжановна
Сабақтың тақырыбы: «Білімділер керуені»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін шыңдау және физика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
Жоспар:
Физика тілінде сөйлесек
Физика біздің айналамызда
Физикалық тәжірибелер
Жұмбақ сырын ашайық
Топтың атын қорғау
Эксперименттік есептеулер
Жүргізуші: Мектебімізде өтіп жатқан физика, математика апталығында физика пәнінен «Білімділер керуені» атты танымдық ойынның куәгері боласыздар. Білімнің маңызын Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: « Біз өмір бойына жететін білім алу» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық» деп айтып отыр.
«Білімді азамат – ел ертеңі» (нақыл сөз)
«Білекті бірді, білімді мыңды жығар» (мақал)
«Білім мен даналық – адам көркі» (Ә. Науай)
«Халыққа наннан кейінгі ең қажеттісі - Білім» (Ж. Дантон) т. с. с.
Білім туралы ұлы тұлғалардың сөздері мен халықтың нақыл сөздері бекерден бекерге айтылмаса керек.
«Білімділер керуені» атты сайысқа екі топ келіп отыр.
І топ: 7 а, ә және 8 а, ә класс оқушыларынан құралған
«Дауыстылар тобы».
ІІ топ: 7 б, в және 8 б, в класс оқушыларынан құралған
«Дауыссыздар» тобы.
Топтардың сайыстағы бағасы әділ болу үшін «Әділқазылар» алқасын сайлап алғанымыз дұрыс болады. Әділқазылардан орындарына отырулары сұралады.

Жүргізуші:
Егеменді қазақтың біз ұланы
Өз туы бар, елтаңба, әнұраны
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
Самғайтын биіктерге тау қыраны
Бабамыз Резерфорд өзің қолда
Жеңіс тек бізде болар осы жолда
Достар - ау, сендерде бір қолпаштаңдар
Отырған дәл алды – да, оң мен солда.
1.«Физика тілінде сөйлесек» сайысы бойынша екі топқа тапсырма:
І топ: «Дауыстылар» тобы
1. Физика – грекше «фюзис» - табиғат дегенді білдіреді.
2. Калория – латынша «калор» * жылу, қызу.
3. Вакуум – латынша « vacuum» - бостық дегенді білдіреді.
4. Электрон - «electron» - янтар – грек сөзінен шыққан.
5. Диффузия – латынша «жайылу, таралу» - деп аталады.
ІІ топ: «Дауыссыздар» тобы.
1. Деформация – латынша (бүліну, бұзылу, иілу, бұралу)
2. Инерция – латынша (қозғалыссыздық, әрекетсіздік)
3. Капиллярлар – латынша «капиллярис» - шаш.
4. Манометр – грекше «манос» - сирек, тығыз емес,«метрео»- өлшеймін.
5. Кинетикалық – грекше «кинетикос» - қозғалыс.
2. «Физика біздің айналамызда» сайысы бойынша екі топқа тапсырма: (Сұрақтарға
жауап беру)
І топ: «Дауыстылар» тобы
1. Мұз суда неліктен жүзеді?
2. Ет, балық, банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген?
3. Су отты неге сөндіреді?
4. Жол белгілері неге сарғыш – көгілдір түсті?
5. Қандай етік суықтан сақтайды, тары ма, әлде кеңі ме?
6. Қандай сәулелер әсерінен адам денесі қараяды және күйеді?
ІІ топ: «Дауыссыздар» тобы.
Бір кесе сорпа тез суи ма, әлде бір кесе су тез суи ма?
Автотрактор фарының жарық шашыратқышы қандай металмен қапталған?
Үрленген қайық неге суға батпайды?
Неліктен кейбір мұнайға арналған резервуарлардың төменгі бөліктерін қалың қылып жасайды?
Қандай жағдайда отын багіне су құяды?
Неліктен құрылыста қуыс материалдарды пайдаланады?
3.«Физикалық тәжірибелер» сайысы бойынша екі топқа тапсырма:
І топ: «Дауыстылар» тобы
1 – тәжірибе:
Төгілмейтін су
Қажетті құралдар: стакан, су, қағаз
3 – тәжірибе:
Мұзды судан алу
Қажетті құралдар: су, стакан, мұз, жіп, тұз
ІІ топ: «Дауыссыздар» тобы.
2 – тәжірибе
Қолыңды суламай тиынды ал.
Қажетті құралдар: су, тиын, тәрелке, қағаз, шырпы
4 – тәжірибе
Бу зырылдағы.
Қажетті құралдар: жұмыртқа, су, спирт шам, тұрғы, алюминий кольцо.
4. «Жұмбақ сырын ашайық»сайысы бойынша екі топқа тапсырма:
І топ: «Дауыстылар» тобы. Әр топқа бес жұмбақ жасырылады.
ІІ топ: «Дауыссыздар» тобы. Әр топқа бес жұмбақ жасырылады.
5. «Топтың атын қорғау» сайысы бойынша екі топқа тапсырма:
І топ: «Дауыстылар» тобы.
Ұраны: Тартысайық сайыста күш жігермен
Айырылысайық қимас бір дос көңілмен.
Төс белгілеріндегі класының әріптеріне сәйкес бір физикалық сөзге толық мағлұмат беру.
Мысалы: «А» - алюминий – қатты зат, пішінін және көлемін сақтайды, токты жақсы өткізеді, магнитке тартылмайды, жақсы деформацияланады т. с. с.«Ә» - әтір, сұйық, иісті, диффузия құбылысы бойынша тез тарайды, құйылған ыдыстың пішінін қабылдайды.
ІІ топ: «Дауыссыздар» тобы.
Төс белгілеріндегі класының әріптеріне сәйкес бір физикалық сөзге толық мағлұмат беру. Біздер топтың атын «Дауыссыздар» деп атау себебіміз «Б» және «В» дауыссыз әріптерден құралғандықтан. Мысалы: «Б» - болат және «В»- велосипед (толық мағлұмат беру)
6.«Эксперименттік есептеулер» сайысы бойынша екі топқа тапсырма:
І топ: «Дауыстылар» тобы.
Құмға қанша қысым түсіресің? (екі жағдайда есептеу қажет)
Қажетті құралдар: Құм салынған ыдыс, бір кірпіш, сызғыш.
ІІ топ: «Дауыссыздар» тобы.
Судың және майдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымын есептеңдер.(сұйықтардың деңгейлері бірдей)
Қажетті құралдар: Су және май құйылған ыдыстар, сызғыш.
Жүргізуші: Білім деген биік шың,\
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз.
(Сайыс нәтижесін әділқазылар хабарлайды)
Көңіл аударып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама