Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Білімділер порталы
«Білімділер» сайтынан күтеміз біз жақсы үміт,
Игі істерің қашанда алға бассын шарқ ұрып.
Жариялаған «Бәйгенің» қатары кетті алысқа,
Ұстаздар қарап жатпағын тырысып – бағып намысқа.

«Ең үздік портал» атанып әлемге жайғын қанатты,
Еңбегін сайтқа жіберіп көтерсін ұстаз санатты.
Бердали Құмар бастаған ұжым барда біз бармыз,
Ұстаздардың атынан жолдайық Сізге мың алғыс.

Еркелетіп Бибканы қолданушы жүреді,
Ұстаздарға ой тастап мейірімді жүрегі.
Бәйгеден бәйге өткізіп, мыңдаған ұстаз қатыссын,
Білім қуған ұстазға жағыңыз шырақ үнемі.

Ізденімпаз ұстаздар назардан тыс қалмасын,
Тәрбиелеп шәкіртті қанаттары талмасын.
Үздік шыққан «Бәйгеден» шығармашыл ұстаздар,
Ғаламторда жүрсінші тәжірибе алмасып.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама