Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шешу
Сыныбы: 8
Пәні: алгебра.
Сабақтың тақырыбы:
2. 2. Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шешу.
2. 3. Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: квадрат теңсіздіктердің анықтамасын және қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білу. Оқушылардың алған білімдерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу.
Дамытушылық: есептеу дағдыларын және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, білімдерін тереңдету, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Өз елінің патриотын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Іскерлік «Партиялар додасы» ойын сабағы.
Сабақтың типі: пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: үш өлшемді әдістемелік жүйесі.
Пәнаралық байланыс: казақ әдебиеті, тарих, сызу, геометрия, ән.
Қөрнекілігі: Бағалау парағы, мақал - мәтел, плакаттар, үлестірмелер.
Құрал - жабдықтар: Интербелсенді тақта, Power Point (слайдттар),
Windows Media (видео - ролик), Winamp (ән) бағдарламалары.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар 3 топқа (партияларға) бөлініп отырады. Партия лидерлеріне бағалау парақтары таратылады.
Сары түсті: «Қазақстан үміткерлері» партиясы
Жасыл түсті: «Қазақстан дарындары» партиясы
Көк түсті: «Қазақстан озаттары» партиясы
Әр партия бағдарламасын, ұранын айтады.
Қ Р - да 7 партия бар(плакат), Қазақстан туралы видео - ролик көрсетіліп, «Атамекен» әні орындалады

ІІ. «Заңдар аясында...»
Саяси партиялардың бағдарламалары нәтижеге жету үшін, заңдарды білу керек.

І деңгей (5 ұпай)
1) аx2+bх+с>0, аx2+bх+с <0 түріндегі="" теңсіздік...="" деп="">
А) Квадрат теңсіздік
В) Сызықтық теңсіздік
С) Кері пропорционалдық теңсіздік / таңдау тест/

2) Формуласы квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу формуласы ма? /иә, жоқ – альтернативті тест/
3) Теңсіздіктің шешімі дегеніміз не?
«Домино» ойыны / қиындылардан ереже құрау/
4) Теңсіздікті шешіңдер.
5) Теңсіздікті графиктік тәсілмен шешіңдер:

ІІІ. «Халық арасында...»
Халық арасында партиялардың салмағын байқайық, ол үшін Internet арқылы edu19kzaral сайтына халықтан келіп түскен сұрақтарға шешімін табу керек.
ІІ деңгей (4 ұпай)
1) Функцияның анықталу облысын табыңдар: №555(3)

2) Теңсіздікті шешіңдер: №558(3)
| 2х+1| ≤1

ІV. «Үгітшілерден - ұтымды жауап»
Партия белсенділерінің үгіттеу насихаттау жұмыстарын бақылау.

ІІІ деңгей (3 ұпай)
Тапсырма
1) №569(2)
а - ның қандай мәндерінде
теңсіздігі кез келген х үшін орындалады?
2) Теңсіздікті графиктік тәсілмен шешіңдер:
3) Логикалық есеп

Патриот 3≤х≤6 трио
Білімділік 2≤х≤5?

V. Үйге тапсырма
VІ. Бағалау.
Бағалау парағы бойынша «Көшбасшы партия» - ны анықтау, оқушыларды бағалау.
VІІ. Қорытындылау:
Бабалар өсиетімен қорытындылаймыз
Төле би: Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің баласы бол.
Бір үйдің атасы болма,
Бір елдің батасы бол.
Бір танңың жағасы болма,
Көп елдің ағасы бол...
Өзіңе - өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол.
Досыңа адал бол.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама