Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бір-біріне қарама-қарсы қозғалыс
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
Алабас ауылы, Алабас негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Уразаева Акмарал Салауатовна

Сабақтың тақырыбы: Бір - біріне қарама - қарсы қозғалыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға бір - біріне қарама - қарсы қозғалыс кезіндегі әрекет кезіндегі арақашықтықты, жақындау жылдамдығын, қозғалыс уақытын табуды есептер шығару арқылы үйрету.
Дамытушылық: қозғалысқа қатысты есеп шығару дағдыларын, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту. Өз ойын дәлелдеуге үйрету.
Тәрбиелік: еңбектенуге, еңбекті сүюге, сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, сызбалар
Көрнекілігі:

Барысы:
1. Ұйымдастыру
 Амандасу;
 Сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру
№10
Ұшақ қалалардың арасын960км/сағ жылдамдықпен 2сағатта ұшып өтті. Осы қашықтықтың үштен бір бөлігін 80км/сағ жылдамдықпен жүріп өту үшін машинаға қанша уақыт керек?
Ұшақ - 960км/сағ=2сағ
Машина 3/1 - 80км/сағ=?
Шешуі: 960км/сағ: 3=320
320: 80км/сағ=2сағ
Жауабы: Машинаға 2сағат керек.
3. Үй тапсырмасын бекіту
(кеспе қағаз)
қозғалыстағы дене ------- жылдамдық ---------- уақыт --------------- қашықтық
автобус ------------------------ 45км/сағ ----------------? --------------------- 90км
машина ----------------------- 90км/сағ -----------------? --------------------- 270км

4. Жаңа сабақты меңгерту
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың жаңа тақырыбы: Бір - біріне қарама - қарсы қозғалыс.
№1.
Барлығымыз суретке назар аударайық:
Суретте не бейнеленген?
Екі жаяу адам қандай әрекет орындауда?
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалған екі жаяу адамның арақашықтығы қалай өзгереді?
Екеуі біріне бірі неше сағатта жақындайды?
Екі жаяу адамның бір - біріне жақындау жылдамдығы 4+6=10(км/сағ) деуге бола ма?
Екеуі бір мезгілде шықса, кездескенге дейінгі олардың қозғалыс уақыты туралы не айтуға болады?
Екеуінің бірдей уақыт аралығындағы жүріп өткен қашықтықтары туралы не айтуға болады?

№2
Есептің шартын, сұрағын, шешуін және жауабын бір бірімен салыстырайық.
а) Екі ауылдан бір мезгілде бір - біріне қарама қарсы шыққан екі салт атты 3сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ. Екі ауылдың арақашықтығын тап.
Есептің қысқаша жазуын пайдаланып, оны шығар.

ә) арақашықтығы 81км екі ауылдан бір мезгілде екі салт атты бір - біріне қарама - қарсы шығып, 3 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 12км/сағ. Екіншісінің жылдамдығын тап.
Есептің қысқаша жазуын пайдаланып, оны шығар.

б) Арақашықтығы 81км екі ауылдан бір мезгілде екі салт атты бір - біріне қарама - қарсы шықты. Біріншісінің жылдамдығы 12км/сағ, ал екіншісінікі 15км/сағ. Олар неше сағаттан кейін кездесті

№3кестені толтыр
а -------------- 101 ------- 110 ------- 1001 -------- 1010 -------- 1100 --------- 10010
а * 7 --------- 707 ------- 770 ------- 7007 -------- 7070 --------- 7700 -------- 70070

B ----------- 707 ------- 770 ------- 7007 --------- 7070 -------- 7700 ----------- 70070
b=7 -------- 101 ------- 110 ------- 1001 -------- 1010 --------- 1100 ----------- 10010

№5. Бірінші күні 6 қап, екінші күні дәл сондай 4 қап, барлығы 500кг ұн сатылды. Әр күнде неше килограмм ұн сатылды?
1 - ші күн - 6қ
500кг
2 - ші күн - 4
т/к: 1 - ші күн -? кг
2 - ші күн -? кг
Шешуі:
6+4=10
500: 10=50
6*50=300
4*50=200
Жауабы: Бірінші күні 300кг, екінші күні 200кг үн сатылды.

№6. Әжесі немерелеріне 4 жәшік, ал жиендеріне дәл сондай 3жәшік, барлығы 42 кг жеміс жіберді. Әжесі немерелеріне неше килограмм және жиендеріне неше килограмм жеміс жіберді?
Немере - 4ж
42 кг
Жиендеріне - 3ж
т/к: немере -? кг
жиен -? кг
шешуі:
42:(4+3)=42: 7=6кг
4*6=24
3*6=18
Жауабы: Әжесі немерелеріне 24 кг, жиендеріне 18 кг жеміс жіберді.
Жаңа сабақты бекіту

№7
3040: 5=605
2535: 5=507
450450: 5=9090

№8
Қабырғасының ұзындығы 2см 4мм шаршы сыз. Оның периметрін тап.
2см4мм*2см4мм=19см 2мм

Үйге тапсырма
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама