Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалыс. Жақындау жылдамдығы.
Тақырыбы: Бір - біріне қарама - қарсы қозғалыс. Жақындау жылдамдығы.
Мақсаты: 1. Бір – біріне қарама - қарсы қозғалыстарға есептер шығару әдістерімен таныстыру, жақындау жылдамдығы деген ұғым беру.
Оқушыларды қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдыларын, ақыл - ойын, ой - өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту.
Пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз ойын қорытындылай білуге баулу.
Оқушыларды біліктілікке, тез әрі дұрыс жауап беруге, ұйымшылдыққа және белсенді болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: топтық - жарыс.
Әдісі: Түсіндіру, «Ой ашу» стратегиясы, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, логикалық
тапсырма, көрнекілікпен жұмыс, жұптық жұмыс,
Көрнекілігі: Сызбалар, кестелер, тест тапсырмалары, қозғалысқа қатысты формулалар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың дұрыс отыруын, оқу құралдарын толық алуын қадағалап, назарын сабаққа аударамын.
Сәлемдесу
Бүгінгі күн терезеден,
Бізге, міне, тұр қарап.
Сондай жақсы көңіл күймен,
Басталады бұл сабақ.
Оқушылар математикалық шамалар арқылы топтарға бөлінеді.
І топ: «Қозғалыс» - Ұраны: Қозғаламыз алға біз, кедергіге қарамай!
ІІ топ: «Жылдамдық» Ұраны: Жылдамдықты сақтаймыз, жарысуды бастаймыз!
ІІІ топ: «Уақыт» Ұраны: Уақытты текке біз, өткізбейміз себепсіз!
ІV топ: «Қашықтық» Ұраны: Қашықтыққа қашпаймыз, сұрақтардан саспаймыз!
Бүгінгі сабағымыз ерекше және жарыс түрінде өтеді, сабаққа белсене қатысып,
өз білімімізді көрсете білейік.
– Балалар таңертең тұрғанда күнді дене жаттығуларынан бастайтын сияқты сабағымызды «Ой жаттығуларынан» бастайық.

ІІ. «Ой ашу» стратегиясы
84264: 2 =
13042 * 2 =
63297 + 19906 =
31202 – 80090 =
2 сағ. 45мин + 54 мин =
1 сағ. 12мин – 47 мин =

№2
t - бірдей
u - 310 км/сағ
u - 275км/сағ
s -? км
Ш: 310+275=585 км. Ж: екі ауылдың арақашықтығы 585 км
№3
t - бірдей
u - 27 км/сағ
u - 7 км/сағ жол жүрді.
s -? км
Ш: 27+(27+7)=61км Ж: екі ауылдың арақашықтығы 61 км
№4. Қашықтықты өрнек түрінде жазып көрсет.

Бір - біріне қарама - қарсы қозғалыс. Жақындау жылдамдығы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама