Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Біреу және көп
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру.
Тақырыбы: «Біреу және көп»
Мақсаты: Біреу және көпке түсінік беру, ажырата білу.
Міндеттері:
1. Біреу және көп қарапайым математикалық ұғымымен таныстыру;
2. Заттарды саны бойынша салыстыра және ажырата білуге үйрету. Логикалық ойлауларын, сұраққа нақты жауап беру дағдыларын дамыту. Сөздік қорын толықтыру;
3. Тобы үшін мақтаныштық сезімін ояту. Достыққа, бірлесіп жұмыс атқаруға, ойнауға, қажымаушылық пен мұқият тыңдауға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің әдіс - тәсілдері: түсіндіру, ой - қозғау, сұрақ - жауап.
Құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: Әшекейленген шырша, шырша жұлдызы, ойыншықтар, Күлдіргіш шарларымен, суреттер: тауық балапандарымен, бір алмалы ағаш және көп алмалы ағаш, пішіндер және үлестірмелі карточкалар.
Сөздік жұмыс: Біреу, көп, шырша, Күлдіргіш, қыс.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: топпен.

Іс - әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеттері
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгін келген қонаққа,
Иіліп сәлем береміз.
Сәлеметсіздер ме!
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыста қандай үлкен мереке болады?
- Дұрыс, ол Жаңа жыл мерекесі.
- Балалар мынау не?
- Шыршаның төбесінде не тұр?
- Ал тағы не көріп отырсыңдар?
- Жұлдыз шыршада қанша?
- Ал ойыншықтар қанша екен?
- Дұрыс, балалар.
Есікті біреу қағады.
- Бұл Күлдіргіш келді ғой.
Күлдіргіш амандасады.
- Маған сендердің көмектерін керек. Мен санау білмеймін.
Менің оң қолымда қанша шар және сол қолымда қанша шар бар?
Күлдіргіш:
- Рахмет, балалар,
- Күлдіргіш, сен отырып біздің балалар не біледі екенін көріп, есіне сақтайсын.
Тақтадағы суреттер бойынша жұмыс.
- Мұнда қанша тауық бар?
- Қанша балапандар бар?
- Мына ағашта қанша алма?
- Ал, мына ағашта қанша алма?
Күлдіргіш:
- Жарайсыңдар, балалар!
Сергіту:
- Кәне серігіп ойнайық:
Алма, алма, көп алма
Қызыл жасыл, сары алма.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
- Балалар, рақмет, сау болыңдар. Мен көп нәрсе үйрендім сендерден.
Күлдіргіш кетеді.
- Ал біз, балалар, жұмысымызды жалғастырайық.
- Қанша қызыл үшбұрыш,
ал қанша көк?
Дөңгелектер қанша?

Алдарындағы карточкаларымен жұмыс жасайық. Бірнеше балалардың жұмыстарын салыстыру.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгін көп жұмыс жасадық.
Балаларды мадақтау, шырша ойыншықтарын сыйлыққа тарату.
- Бұл ойыншықтарды біздің жаңа жылдық шыршасын әшекейлейік.
Қонақтармен қоштасу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама