Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Біріккен сөздер
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты: 1. Біріккен сөздер туралы ұғымымен таныстыра отырып, жаттығу
жұмыстарын жүргізу.
2. Оқушыларды ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
3. Топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу отырып, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой қорытындылау
Көрнекіліктер: слайд «біріккен сөздер»
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Өткен сабақта танысқан күрделі сөздерге сұрақтар арқылы пысықтап алу
күрделі сөздер

Біріккен сөз
Қос сөз
Тіркесті сөздер
Қысқарған сөз

ІІІ. Жаңа сабақ
Суретте не бейнеленген
Ақбөкен=ақ+бөкен
тасбақа=тас+бақа
аққу = ақ + қу

- Ақбөкен, тасбақа, аққу сөздері қалай жасалып тұр, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөз, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөз, ендеше бұл сөздер біріккен сөз болып табылады.
- Қорытынды: кейбір сөздер екі түбірден құралады, екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады. Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.

ІV. Оқулықпен жұмыс
226 – жаттығу Сөздерді оқып, сөз құрамына талда, әр сөз неше түбірден құралған?
227 - жаттығу Сөйлемдерді оқып, біріккен сөздерді тап. Біріккен сөз құрамындағы түбірлердің арасына (+) белгісін қойып жаз.

V. Дәптермен жұмыс
228 - жаттығу Өлеңді көшіріп жаз, біріккен сөздерді тауып астын сыз, олардың қалай жасалғанын түсіндір.
229 жаттығу Біріккен сөздерді жазу

Ойын «Жоғалған сөздерді тап»
мүйіз - бақан
суық - қазан
көл - торғай
жол - сүйек
алты - қу
жеті - бақа
бір - барыс
ақ - тұмсық
ақ - қарақшы

VІ. Сабақты бекіту
Ойын:
1. Күрделі сөз дегеніміз не?
2. Оның түрлері қандай?
3. Біріккен сөзге мысал келтір
4. Біріккен сөз дегеніміз не?
5. Біріккен сөзден жасалған кісі аттарын ата
6. Біріккен сөзден жасалған жер - су аттарын ата
7. Біріккен сөзден жасалған аң - құс аттарын ата
VІ. Үйге тапсырма: Біріккен сөздерге байланысты ребустар дайындау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама