Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Біріккен сөздердің жазылуы
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздердің жазылуы
Қазақ тілі 4 сынып
Мақсаты: Біріккен сөздердің жазылуын үйрену.
Күтілетін нәтижелер:
*Біріккен сөздердің мағынасын түсінеді.
*Біріккен сөздерге сөйлемдер құрастырып, оны мәтіннен таба біледі.
Керекті жабдықтар: Қазақ тілі оқулығы 4 - сынып, Әдістемелік нұсқау, жұмыс дәптері, сөздер жазылған парақшалар, жеке суреттер.
Сабақта қолданылатын өзара байланысты модульдер: СТО, оқыту үшін бағалау, көшбасшылықты анықтау.

Сабақ барысы:
Кіріспе
I. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
- Үлкенге де сіз,
- Кішіге де сіз.
- Сәлем бердік сіздерге,
- Құрметпенен біз!

Қызығушылығын ояту
Не үшін
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін!
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін керек!
- Құлақ не үшін керек?
- Ақыл кеңес тыңдау үшін керек!
- Жүрек деген не үшін керек?
- Жауларымнан сынбау үшін!
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін!
- Ал аяғың?...
- Шетте жүрсем,
- Туған жерге қайту үшін!

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Тауешкі сөзіне Сөзсазындық сатылай кешенді талдау жасау. Морфологиялық талдау. Синтаксистік талдау.
- Біріккен сөздер дегеніміз не? Олар қалай жазылады?
- Біріккен сөздердің туынды түбір, түбірлес сөздерден қандай айырмашылығы бар?
- Неге күрделі сөздер деп аталады?
- Біріккен сөздердің құрамындағы түбірлердің бастапқы мағынасы өзгере ме?

ІІІ. Үй жұмысын бағалау.
Бағдаршам стратегиясын қолданып, бағалайды.
Тұсау кесер

ІҮ. Жаңа сабақ
Кейбір біріккен сөздер өзгерген қалпында, айтылуы бойынша жазылады. Мысалы: жаздыгүні, қыстыгүні, қолғап, Қарагөз, Телғожа, Амангелді.
Көркем жазу жолдарын жазғызу.
Дыбысты талдау Т т дыбысы
Т - бұл дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.
1. Үн мен салдырдың қатысына қарай: т - қатаң дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбыс тек салдыр тұрады.
2. Айтылу, жасалу тәсіліне қарай: т – шұғыл дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір - біріне қатты соқтығысып, ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады.
3. Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай: т – тіл мен тіс дауыссыз дыбысы.
Тәуелсіздік сөзіне сөзсазындық талдау.
1. Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жіңішке буынды сөз. Себебі, сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жіңішке дауыстылар.
2. Бұл сөз тәу + ел + сіз + дік болып төрт буынға бөлінеді. Себебі, сөздің құрамында төрт дауысты дыбыс бар.
Тәу - сіз - дік буындары бітеу буындары. Себебі, дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.
ел - буыны тұйық буын. Себебі, дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.
3. Бұл сөз тәу + ел + сіз + дік болып үш жағдайда тасымалданады. Себебі, сөз төрт буыннан тұр немесе буын жігіне сәйкес тасымалданған.
Бастауыш сынып мұғалімі: Ж. Ш. Молдалиева
Біріккен сөздердің жазылуы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама