Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Біріншіге барамыз!
Ақтөбе облысы, Темір ауданы.
Бастауыш сынып мұғалімі Есетова Гульмира

Біріншіге барамыз!
Сабақтың мақсаты: балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Біл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту. Оқу – білімді, өнерді жаны сүйетін, білімді мақсат ететін, білімге құштар ұрпақтың болашаққа деген сенімдерін ояту.
Көрнекілігі: әсем безендірілген сынып бөлмесі, гүлдер, шарлар, қанатты сөздер, әріптер, сандар, сабаққа керекті құралдар.
Сабақтың барысы: Қымбатты ата – аналар, қонақтар, кеше бес жасқа толып, мектеп табалдырығын аттап, дайындық сыныбына келген кішкентай бүлдіршіндерімізді бірінші сыныпқа ұшырғалы отырмыз. Содан бері аз ғана уақыт өтсе де балалардың білімге деген талпынысы мен тіл байлықтары толысып дамып келеді.
1 – жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар!
2 – жүргізуші: Бармысыздар, ұстаздар мен ата – аналар!
1 – жүргізуші: Біздің сүйікті даярлықпен қимастықпен қоштасқалы отырған кішкене бүлдіршіндерімізді құрметпен қарсы алайық.
(балалар қол ұстасып залға кіреді.)
Би: Өзбек биі. Орындайтын: Танабаева Ділназ
1 – жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болған шығар қаншаңызда.
2 – жүргізуші: Қол соғып қарсы алайық балаларды,
Шырқатып ән сап берсін баршамызға.
Ән: Көбелек Орындайтын: Танабаева Ділназ бен Сақаш Айсезім.

1 – жүргізуші: Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.

2 – жүргізуші: Өсті ақыл – ойларың,
Өсті міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың!

Хор: Балалар әні

1 – жүгізуші: Мектеп ана шақырады бізді алдан,
Алдымызда әлі талай сан арман.
Қоштассақ та даярлығым сенімен,
Санамызда өзің берген өнегең.

Бүгін даярлықпен қоштасқалы отырған түлектеріміздің лебіздерін тыңдайық.

Айсезім: Талай – талай баспалдақтан аттармыз,
Ата – ананың үмітін де ақтармыз.
Тәрбиеші сізден алған ақылды,
Есімізде өмір бойы сақтармыз

Ақжан: Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

Жаснұр: Қош балалар, сәт сапар,
Бақытты бәрің болыңдар.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік алыңдар.

Ән: Жау - жау жаңбыр Орындайтын: Әділ Нұршуақ
(әуен ырғағымен Мальвина мен Буратино келеді)
Мальвина: Жүр, жүр, деймін, мен саған балалардың даярлықта қалай оқитынын көрсетейін. Бұлардың бар өмірі алда, бірінші сыныпқа барып жақсы оқып, бір – бір мамандық иесі болады. Егеменді еліміздің білімді азаматтары болады.

Буратино: Даярлық! Даярлық! деп неге қайталай бересің? Мен онсыз да бәрін білем.
1 – жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Мальвина мен Буратино! Сендер қайдан келесіңдер, неге дауласып жатырсыңдар?
Мальвина: Мен Буратинаны даярлық тобына әкелдім. Ол өте жалқау, оқуға еш ынтасы жоқ, мектепке де барғысы келмейді.
2 – жүргізуші: Мұның қалай Буратино? Сен егер оқымасаң, ештеңе білмесең, мектепке қалай барасың?
Буратино: Ой, мен онсыз да бәрін білем.....
1 – жүргізуші: Ендеше, сөздерді буынға бөле аласың ба?
Буратино: (ойланып) М. м. м. м. м. Буынға бөлу. Ол тағы не?
Мальвина: Балалар, сендер сөздерді буынға бөле аласыңдар ма?
Балалар: Иә. Тіл дамыту
Біздің еліміз қалай аталады? Қазақстан Республикасы
Біз қандай мемлекетпіз Тәуелсіз мемлекетсіз
Елбасымыз кім? Н. Ә. Назарбаев
Елордамыз қай қала? Астана
Рәміздерімізді атаңдар? Ту, Елтаңба, Әнұран.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама