Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Біржанның бір қызбен қағысуы

Біржан сал жолаушылап бір кедей адамның үйіне кездеседі, сол үйдің қызы оған қатықсыз қара көже құйып берсе, Біржан ернін ғана тигізіп қайтарады. Сонда қыз айтады:

Байлардың жейтін асы — жая мен жал,
Шығады нақ кедейден осындай сал.
Қыс аяғы шаруаға күйзеу болды,
Көжеге кекіреймей ерніңді мал!

Біржан:

Атанған ақындықпен Біржан сері,
Серінің күнде думан жүрген жері,
Қарындасым, ағаңа сөзің өтті,
Көжеңді басып-басып әкел бері.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама