Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдар. Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 30
Тақырыбы: ІV тарау. Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдар.
§ 32. Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі.
Сабақтың мақсаты: қарапайымдылардың тіршілік ету ортасы мен өзіндік ерекшеліктеріне жалпы сипаттама беру, олардың кейбір өкілдеріне тоқталып, бір - бірінің ұқсас және ерекше қасиеттерін атап көрсету; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасына жағымды өзгерістерге жету; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: түсіндірмелі
Сабақтың әдісі: құрастырылған

І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Жануарлардың өсімдіктерден қандай айырмашылығы бар?
Денесі екі жақты симметриялы жануарлардың денесі сәулелі симметриялы жануарлардан қандай артықшылығы бар?
Жануарлардың тіршілік ортасы мен мекен ортасының арасындағы айырмашылықты мысалдар келтіріп түсіндіріңдер (суреттерді пайдалануға да болады).
Мекен ортасына бейімделудің жануар тіршілігінде қандай маңызы бар? (Мысал келтіріңдер.)
Бақаның аяқтары екі жұп. Артқы аяқтары ұзын, саусақтарының арасында жарғақ бар. Осы бейімділігіне қарап бақаның мекен ортасы туралы әңгімелеңдер.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жоспар:
1. Бір жасушалы жәндіктерге тән жалпы сипаттама
2. Мекен ортасы және құрылысы

Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып екі тармаққа жіктеледі.
Біржасушалы жәндіктер – денесі бір ғана жасушадан (клеткадан) тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар. Оларды қарапайымдар деп те атайды.
Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір жасушаның ішінде асқорыту, тыныс алу, зат алмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән тіршілік белгілері үздіксіз жүріп жатады. Қарапайымдардың көптеген түрлері жаңбырдан пайда болатын іркінді су, шалшықтан бастап, көл, теңіз, мұхитқа дейінгі су қоймаларында кездеседі. Топырақта мекендейтіндері де аз емес. Жануарлар мен адамның ішкі мүшелерінде (қанда, ішекте, бауырда және т. б.) паразиттік тіршілік ететіндері де бар.

Жай көзге көрінбейтін қарапайым жәндіктердің бар екені ХVІІ ғасырға дейін ғылымда белгісіз болды. 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен голландиялық ғалым Антони ван Левенгук (1632 - 1723) аталық жыныс жасушасын зерттегеннен кейін ғана қарапайым жәндіктердің түрлері ашыла бастады.
Қазіргі кезеңде қарапайымдардың 70 мыңға жуық түрі белгілі.
Мекен ортасы және құрылысы. Ботаниктер біржасушалы өсімдіктерге, ал зоологтар біржасушалы жәндіктерге жатқызатын, өсімдік пен жануарлардың туыстығына дәлел бола алатын біржасушалы жәндік – жасыл эвглена. Эвглена денесі бір жасушадан тұратынын «біржасушалы» деген сөзден де аңғардыңдар. Ал жасушаның құрылысымен өсімдіктер бөлімде таныстыңдар. Дегенмен, эвглена жасушасының өзіндік ерекшеліктері бар: Жасуша цитоплазмасының сыртқы шет аймағы тығыздау болып өте жұқа жарғақша қабат түзеді. Осы жарғақша қабат цитоплазманың қалған сұйықтау ішкі бөлігін қоршап, оның жан - жаққа жайылып кетуіне мүмкіндік бермейтін қабық рөлін атқарады. Осымен байланысты жәндік денесінің пішіні өзгермейді, тұрақты болады. Жасушаның, яғни дененің артқы сүйірлеу жағында ядро жатады, ал алдыңғы доғал жағындағы ойыс – жұтқыншақтан цитоплазманың жіңішке созындысы – талшық шығып тұрады.

Эвглена жасушасының (денесінің) цитоплазмасында хлоропластар бар. Ал хлоропластарда жасыл пигмент – хлорофилл болады. Сондықтан жарықта жәндіктің түсі жасыл болады; жәндіктің жасыл эвглена атануы осыдан.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама