Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Біз - біргеміз, берік іргеміз
Тренинг тақырыбы: Біз - біргеміз, берік іргеміз.
Сабақтың мақсаты: оқушылар арасындағы байланысты нығайта отырып, бірін - бірі кеңірек танып білуге, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және қыс мезгіліндегі шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл күйлерін көтеру.

1 - жаттығу
Амандасу жаттығуы
Қол алысып амандасу жаттығуы тек ерекше тәсілмен. Ол былай жүзеге асырылады: қатысушы екі қолымен бір уақытта амандасуы тиіс, бір қолыңды тек амандасатын қатысушыны тапқан кезде ғана жіберуге болады. Ойын үнсіз әрі тез орындалуы керек.
Жаттығудың мақсаты: Қатысушылар арасында байланыс орнату. Қол алысып амандасу – адам көңілінің кеңдігінің символдық белгісі. Жаттығу үнсіз орындалатындықтан байланыс көз арқылы жүзеге асырылады бұл ішкі жағымды байланысты нығайтады.

2 - жаттығу
Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
«Кім жылдам» жаттығуы
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Ауа, су, жер» деген сөзді айта отырып, допты бір - біріне лақтырады. Допты қағып алған адам «ауа» деген сөзді естіген адам құстардың, «су» деген сөзді естіген кезде балықтардың, «жер» дегенде аңдардың аттарын айтуы тиіс. Ойын шапшаң ойналуы тиіс.
Жаттығудың мақсаты: оқушының ойлау қабілетін жақсарту және шапшаңдыққа сынау.

3 - жаттығу
«Бір өтірік, бір шындық» жаттығуы
Жүру барысы: Қазір біз өзіміз бір шындық пен бір өтірік өз ойымызды айтамыз. Мысалы: Мен мұғаліммін және де менің ұшағым бар. Өз ойымызды еркін болжамсыз жеткізуіміз қажет.
Талдау: Шындық бұл біздің қазіргі іс - әрекетіміз, қазіргі біздің бейнеміз, ал өтірік бұл біздің арманымыз, өз қиялымыздың жүзеге асуын қалап жүрген ойларымыз»
Сіздің ойыңыз қалай?

4 - жаттығу.
Сен өмірде қандайсың?
Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
Жүргізушінің қолында доп болады.
Нұсқаулық: Қазір бір бірімізге допты беру арқылы допты қағып алған адам: Сен өмірде қандайсың? Деп сұрақ қояды қағып алған адам өз бойындағы жақсы қасиетін айтады. Әркім өз бойындағы жақсы қасиеттерін айтып шығуы керек.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама