Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Біз оқушы атандық
Тақырыбы: Біз оқушы атандық
Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым.
Аяулы ата - аналар, қонақтар. Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Кеше ғана алаңсыз ойнап жүрген бүлдіршіндер, бүгін бойларында жауапкершілік пайда болып, 1 сынып оқушысы атанды.
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін таратын баршаға
Шын пейлмен құрметімізді көрсетіп
1 «А»», 1 «Б», 1 «В»сынып Бүлдіршіндерін шақырайық ортаға
І. Кіру сәті - музыкамен 1 «А», 1 «Б», 1 «В» оқушылары кіреді
Үш тілде амандасады

ІІ. «Біз оқушы атандық» мерекесін ашу, құттықтау сөз мектеп директорының бастауыш жөніндегі орынбасары Қали Раушан Досымқызына беріледі

ІІІ. Оқушыларға кезек беріледі:
1 Жүргізуші: Талаптың мініп алып пырағына,
Білімнің май тамызып шырағына.
Алдымнан ақыл сарай есік ашып
Жету мақсат - іздеген мұратыма
2 - Жүргізуші:
Жарқырап атқан «бақытты күн» таңында
Дара туған, дана туған қазағымның бағына.
Қош келіпсіз, Тілашар тойымызға
Тәуелсіз елімнің 25 жыл толу қарсаңында.
1 - 2 жүргізуші қосылып бірге: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
Ән: « Мектебім» Көпжасарова Еркеназ
1 - оқушы: Мансұр (1а)
Армысыз, алғашқы ұстазым
Қуанышты бүгін күн
Биыл мектепке мен бардым
Алғашқы сыныпта
Тұңғыш білім аламын
2 - оқушы Нұрайым (1а)
Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата - ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.
3 - оқушы Адина (1а)
Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.
Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.
4 - оқушы: Диас (1в)
Армысың, мектеп ар - бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.
Армысың, мектеп киелім,
Мен сені солай сүйемін,
Сен берген бағыт бағдармен
Рухы бай елге иемін.
5 - оқушы: Нұржігіт (1а)
Алақай - ау, алақай!
Алақай - ау, алақай!
Бұдан былай мен енді
Емеспін жай «балақай»
Осыдын да көлемді
Оқи алам өлеңді
6 - оқушы: Түгел (1 б)
7 – оқушы: Ердиас(1 б)
Ән: «Әсем ән» орындайтын Саматұлы Бейбарыс және бір топ бишілер
Ойын: Оқушымен.
Балалар «Кім мектепке тез жиналады» ойынын ойнап жіберейік.
Ойын шарты: Ортаға екі стол қойылады, үстіне оқу құралдарымен араластырып заттар қойылады. Екі бала шығады. Портфельге заттардың арасынан іріктеп оқу құралдарын жинап салу керек. Бірінші біткен бала жеңімпаз атанады.
8 - оқушы Азамат (1б)
Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына,
Енді қайық саламыз.
9 - оқушы Ілияс (1 в)
10 - оқушы Алдияр (1б)
Біз бақытты баламыз
Қағаз, қалам аламыз.
Ұстазымыз үйреткен,
Әріптерді жазамыз
11 - оқушы: Бекнұр (1б)
12 - оқушы Аягөз (1б)
Жеті жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім,
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме беттедім.
13 - оқушы: Бексұлтан (1 в)
Талаптың мініп алып пырағына,
Білімнің май тамызып шырағына.
Алдымнан ақыл сарай есік ашып
Жету мақсат - іздеген мұратыма
14 - оқушы: Али (1 а)
Мектеп - білім ордасы,
Мектеп - қамқор анашым.
Оқып білім алып,
Мен оқушы атандым
1. Ойын ата – анамен: «Балаңыздың сабақ кестесін айтыңыз»
2.«Менің отбасым» жобалау әдістемесі
Өз балаңыздың суретін табу қиын болды ма?
Өз балаңыздың суретін қандай элементтер бойынша тартыңыз?
15 - оқушы Асылхан (1а)
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені
17 - оқушы Аида (1а)
Мектеп - үлкен бағдаршам. 42
Ұстаз шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
18 - оқушы Жақсыбек (1 в)
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой, Алла - ай.
Біз оқушы атандық. жүктеу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама