Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Біздің балалар қайда екен?
Оқу қызметінің жоспары
Топ: І - сәбилер тобы
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Тақырыбы: Біздің балалар қайда екен?
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: «Сөйлеуді дамыту»
Мақсаты: топпен таныстыру, бөлмелердің аттарын үйрету. Сұрақтарға жауап беруге үйрету. Ұқыптылыққа баулу.
Көрнекіліктер: балабақшаның суреті, орамал.
Сөздік жұмыс: жиһаз.
Билингвалды компонент: жиһаз – мебель, ас бөлме – кухня

Мотивациялық - қозғаушылық
Балалармен сәлемдесіп: «Балалар, біз таңертең балабақшаға келеміз», - дей отырып, балабақшаны суреттен таныстырады.
- Балабақшамыз үлкен, әдемі, ауласы кең. Балалар, біз қазір топ бөлмесінде тұрамыз деп, балалардың көңілін топ бөлмесінің ішіне аударады.
Топтағы заттармен таныстырады:
- Мынау – орындық, мынау – ойыншықтар тұратын жиһаз, онда ойыншықты жинайсыңдар, топта тағы да бөлмелер бар. Мынау – шешінетін бөлме, онда шешінесіңдер, мұнда шешінетін шкафтар тұрады. Ас бөлмесінде ыдыстар тұрады. Ол ыдыстармен тамақ ішесіңдер.
Мынау – ұйықтайтын бөлме, онда сендер жататын керуеттер тұрады, онда ұйықтайсыңдар. Тобымыз үлкен, әрі жарық.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Балалардың көңілін орамалға аударады. «Орамал кімді жасырады екен», - деп, бір баланың бетіне бір сәтке жабады. Орамалды қайта ашып: «Бұл кім болады екен?» деген сұрақ қояды. Осылай әр баламен ойнайды. Әрқайсысына өз аттарын айтқызады. Тәрбиеші тағы да сұрақтар беріп, балаларды көңілдендіріп, сұрақтарға жауап беруге, сөйлетуге үйретеді. Мысалы:
- Сен қайда тұрасың? Сен атыңды айтшы?
- Кімнің қасында тұрсың? Ол баланың атын білесің бе? т. б.
«Біздің балалар қайда екен?» дидактикалық ойыны. Үлестірмелі материалда берілген сурет бойынша балалардың қайда тығылып отырғанын тапқызу.

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Қоғалы ауылы, «Қарлығаш»
балабақшасының тәрбиешісі
Ибраева Арайлым Какармановна
Біздің балалар қайда екен? жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама