Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Біздің Елбасы
Білім беру саласы: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет: Тіл дамыту
Тақырыбы: Біздің Елбасы
Мақсаты: Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Дамытушылық: Балалардың ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, саяхатқа шығу, сұрақ - жауап, қорытынды.
Көрнекілік: Сурет, слайд. Үш қоңыр жайлау макеті.

Сабақтың барысы
Әнұран орындалады.
- Балалар, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
- Армысың, қайырымды Аспан ата!
- Армысың, мейірімді Жер – Ана!
- Армысың, балабақша достарым
- Армысың, еңселі елім менің
- Армысың, асқар тау көлім менің

Шаттық шеңбер
Тәрбиеші:
– Егеменді елімізге біз тілейік
Балалар:
- Татулық,
- Денсаулық,
- Тыныштық,
- Молшылық,
- Амандық үшін, - Жасасын ел басы! 2 - рет
Тәрбиеші: - Өте жақсы, балалар орындарыңа отыра қойыңдар. Өткен сабақты есімізге түсірейік. Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: - Күз мезгілі.
Тәрбиеші: - Күз мезгілі неше айдан тұрады?
Балалар: - Үш айдан. Қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші: - Балалар бүгін 28 қараша күз мезгілінің соңғы күндері. Алдымызда 1 желтоқсан біз үлкен мерекені атап өтпекпіз. Еліміздің тұңғыш президентін сайланған күні.
- Біз қай республикада тұрамыз?
Балалар: - Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: - Қазақстан Республикасының ел басы кім?
Балалар: - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Балалар: - Тәуелсіз мемлекет.
Тәрбиеші: - Тәуелсіз мерекесін қай күні атап өтеміз?
Балалар: - 16 желтоқсан.
Тәрбиеші: - 1991 жылы 1желтоқсан күні қазақ халқының сайлап алған тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаев. Сайланған соң 16 желтоқсанда тәуелсіздігімізді алдық. Өзіміздің рәміздеріміз, теңгеміз, ата заңымыз қабылданды.
- Балалар, Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
Балалар: - Иә
Тәрбиеші: Рәміздерді кім атап, жеке сипаттап әрі авторын айтып береді?
Балалар: - Ту, елтаңба, әнұран.
Балалардың жауаптары.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
Амангалиева Гулнар Дуйсенбаевна

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама