Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Біздің Елбасы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының 163 жалпы орта мектебінде 1-ЖЕЛТОҚСАН-ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ күні мерекесіне орай 3 д сынып жетекшісі Мадиева Мөлдірдің ұйымдастыруымен "Біздің Елбасы" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.

Сабақтың мақсаты:Н.Назарбаевтың өмірі жайлы,туып өскен жері,білімі,атқарған кызметі ,отбасы жайлы оқушыларға мәлімет беру.

Сабақ барысында;мұғалім Н.Назарбаевтың өмірбаянын, балалық шақтары, отбасылық өмірі жайлы,атқарған қызметтері мен туып өскен жері туралы бейнероликтер,слайдтар көрсетті. Оқушылар берілген тапсырманы топпен бірлесе орындап, сабақ соңында ұшақ жасап, Елбасына деген ақ тілектерін білдіріп, Елбасына хат жазды. Бүгінгі ашық тәрбие сағатын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасыры Назарымбетова Айгүл апай қорытындылады.

Мадиева Мөлдір


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама