Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бөлу амалының мән-мағынасын ашатын есептер
Математика: 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Бөлу амалының мән - мағынасын ашатын есептер
Сабақтың мақсаты: жаңа математикалық есептер түрімен таныстыру, бөлу амалының нақты мән - мағынасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеті: өтілген тәсілдерді қолдану жолдарын меңгереді;
есептер құрастыруға үйренеді;
өз пікірін ашық айтады;
ойларын салыстырады
Күтілетін нәтиже: Тақырып ұғымын аша біледі, түсінеді және есеп шығаруда пайдаланады.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: жетелеу сұрақтары, семантикалық карта, ой қозғау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, бағалау парақшалары,
Модульдері: СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері),
Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), топтық (ТБ), кері байланыс.

Деректер: тақта, стикерлер, бағалау парақтары.
Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Көңіл - күйді анықтау. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Топқа бөлу «Жүректен - жүрекке» атты психологиялық дайындықтан бастау.
«Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз!»
Бұл бөлімде балалар бір - біріне жақсы сөз, жылы тілектерін арнайды. Таңдаған таңбалар бойынша өзінің қай топ екенін анықтайды.
Үй тапсырмасы қорытылады.«Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақ - жауап ұйымдастырылады. «Сен маған, мен саған» әдісі бойынша. «Келісемін, келіспеймін» сөздерін пайдаланады.

1 - тапсырма Жұптық жұмыс
Оқушылар жұптасып жұмыс жасайды.
Кестені толтырады.

2 - тапсырма Сурет бойынша шығарылатын есептер. Жеке жұмыс.
Ш: 2 қорапта - 12м
1 қорапта -? моншақ
Ш: 12: 2=6
Ж: 1 қорапта 6 моншақтан салынады

3 - тапсырма Есептерге өрнек құрастыр және жаз. Топтық жұмыс
«Қар лақтыру»әдісі.
Әр топқа есептін шарты беріледі. Сол топ өрнек құрастырады да, топтарға алмастырып лақтырады, әр топтар келген өрнек мәндерін ақылдасып табады.
8: 2=4
20: 5=4
30: 6=5
«Тосып ал» әдісі
Доп лақтыру арқылы көбейту кестесін сұрау.

5 - тапсырма. Есептің шартын құру
Ш: Қатысты - 86а
Домбыра тартты - 9а
Ән айтты – 47а
С: Биледі неше адам?
Ш: 86 - 9 = 77
77 - 47 = 30
Ж: 30 адам биледі.

Сергіту сәті. «Он саусақ»

6 - тапсырма. Есептемей салыстыру. Оқулықтағы есептерді «Кім жылдам» ойыны арқылы шығару.
Үйге тапсырма:
Қорытындылау: «Сөздер банкасы» әдісі бойынша Біреуінде сөздер жазылған, екіншісі бос. Екінші бос қорапшаға бүгінгі сабақта кездескен есептерді теріп алу.
Семантикалық картамен жұмыс.
Бұл тапсырманың өзгешелігі өрнектердің дұрыс шешімін тапсаң, сол шешуінің астындағы сөзді тақтаға ілу. Сонда оқу, білімге байланысты нақыл шығады.
Білім – мұрат, Білмеу – ұят.
Білім арқылы мұратқа жетеді екенбіз.
Біз біліміміз арқылы көп жетістікке жеттік.
181 - беттегі 4 - тапсырманы орындау.

Бағалау: Бағалау шкаласы бойынша ұпай сандарын санап, бағалайды.
Бағалау парақшасы
Бағалау шкаласы: 10 – 8 ұпай - “5”
7 - 5 ұпай - “4”
4 – 3 ұпай - “3”

Рефлексия 2мин Кері байланыс. «Білім жемісі»
Сабақтан алған жағымды әсерің.

Бастауыш сынып мұғалімі: Туғанбаева Гүлфайруз Досболатқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама