Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бояулар сыр шертеді
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бояулар сыр шертеді
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру. Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту.
ә) Дамытушылығы: оқушының ой – қиялын дамыту, олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру.
б) Әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу, өнерге баулу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: білім, білік дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, өзін - өзі тексеру, сайыс.
Көрнекілігі: қалам, қағаз, сулы бояу, мақал – мәтел, жұмбақ, суретшілер шығармалары.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, еңбекке баулу.
Сабақтың формасы: өзін - өзі тексеру, жұмбақтар, мақал – мәтелдер, иллюстрация.
Бақылау: өзара бақылау.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Сайыс сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мұғалім:
− Балалар, “Бояулар сыр шертеді” тақырыбындағы сайыс сабағымызды бастайық..
Егер сен өнерден ләззат алғың келсе, онда өнер жөнінде білімдар адам болуың керек.
К. Маркс

−Бүгінгі сайыс сабақта бейнелеу өнері жайлы білімдерің тексеріледі, шапшаңдық, ой – қиялдарын, сурет салу шеберліктерің сыналады.
Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді және әділқазыларды сайлайды.
I – топ “Акварель” II – топ “Гуашь”
Әр топ өз атына анықтама береді:
Акварель – седа жақсы еритін бояу
Гуашь – суға езілетін қою бояу.

III. Сабақ бағдарламасымен таныстыру.
1. Үйге тапсырма: тақырыптық сурет.
2. Бейнелеу өнерінен білімді тексеру.
3. Суретшілер шығармалары.
4. Жұмбақтар сайысы.
5. Түстер туралы мақал – мәтелдер.
6. Өлеңдерге иллюстрация жасау.
7. Достық әзіл сайысы.
8. Қорытынды.

1. Үй тапсырмасы бойынша “Ғарышкер болу арманым” атты тақырыпқа арналған суретті көрсету, суретті сөйлету.

2. Бейнелеу өнері пәнінен өзін - өзі тексеру тапсырмалары. Бейнелеу өнері терминдер сөздігінің анықтамасын бағыттар арқылы сызып көрсету.

Акварель тобы:
Абстракты өнер Суға жақсы еритін бояу
Автопортрет Тақырыпсыз өнер шынайы бейнелігі жоқ өнер
Акварель Адамның өз келбетін өзі бейнелеуі
Аппликация Керегенің уық байланған бастарының сырт жағынан жүргізілетін жалпақ баяу
Басқұр Жабыстыру немесе қиыстыру арқылы орындал - ған көркем шығарма
Батальды жұмыс Матаға бояумен салынған сурет
Батик Кеуделік мүсін
Бюст Соғыс тақырыбы бейнеленген көркем шығарма
Витраж Көркем шығармалық көрменің салтанатты ашылуы
Вернисаж Ортағасырлық Еуропа өнері
Гобелен Терезе немесе есік шыныларына салынған көркем суреттер мен өрнектер
Готика Сурет салып тоқылған кілем

Бояулар сыр шертеді. жүктеу
Бояулар сыр шертеді. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама