Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бүгінгі таңдағы ең өзекті мамандық - Дінтану

Осы мәселені негізге ала отырып, мемлекетіміздегі «Дінтану»  мамандығын тәмамдаған, діннің дамуының қыр-сырын меңгерген білімді де, білікті мамандардың  қажеттілігі   өзекті болып тұрғандығы анық. Сондай дінтанушы мамандарды даярлайтын мекемелердің бірі ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін айтып кетуге болады. Дәстүрлілігі мен жаңашылдығы қатар келе жатқан қара шаңырақта «Дінтану» мамандығын даярлау үш деңгейде, яғни бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейлерінде қамтылады. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің студенттенттерінде мүмкіншілік өте жоғары. Олар академиялық ұтқырлық арқылы шетелдік оқу орындарында білім алып келуге, ғылыми тәжірибемен алмасу мүмкіндігіне ие болумен қатар, университеттің арнайы шақыртуымен келетін шетелдік профессорлардың дәрістеріне де қатыса алады.  Бұл оқу ордасын тәмамдаған дінтанушы маман дінді ғылыми-зайырлылық тұрғыдан зерттейді. Болашақта ол орта білім беретін және арнайы мамандандырылған мекемелерде, дін саласы бойынша сарапшы қызметінде, ІІМ, терроризммен және экстремизммен күресу орталықтарында, ғылыми-зерттеу орталықтарында, діни сараптауды талдау және мониторинг жасау орталығында қызмет атқара алады.  


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану мамандығының 4 курс студенті
Сәрсебаева Р.А.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама