Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Буын түрлеріне арналған жаттығу, талдау жұмыстары ( қазақ тілі 5 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: Буын түрлеріне арналған жаттығу, талдау жұмыстары ( қазақ тілі 5 - сынып)
Мақсаты: - Оқушылардың өткен сабақтарда алған теориялық
білімдерін нықтай түсу.

- Оқушылардың есте сақтау, елестету қабілеттерін арттыру, ғылыми тілде сөйлеуін қалыптастыру, тіл байлығын жетілдіру.
- Туған елін, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы, саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, өзіндік жұмыс, сұрақ - жауап, СКТ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта (слайд)
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
- Құрметті жолаушылар! Атырау – Астана бағыты мен ұшатын «air astana» «Самұрық» ТУ - 51 ұшағына қош келдіңіздер!
- Сіздердің қолдарыңызда ұшу билеттері бар. Билеттеріңізде әр түрлі тапсырмалар жазылған. Сол тапсырманы орындауларыңызды сұраймыз.

№ 1 Тапсырма. Мына сұрақтарға жауап алынады.
1. Үнді дауыссыздарды атаңыз.
2. Ашық дауыстылардың ережесін айтыңыз.
3. «Атамекен» сөзінде неше буын бар?
4. Еріндік дауыстыларды атаңыз.
5. «От» сөз буынның қай түріне жатады?
6. Ұяң дауыссыздарды атаңыз.
7. «Отаным» қандай буынды сөз?
8. Қатаң дауыссыздардың ережесін айтыңыз.
9. Қысаң дауыстыларды атаңыз?
10. «Лақ» сөзі буынның қай түріне жатады?
11. Үнді дауыссыздардың ережелерін айтыңыз.
12. Ашық дауыстыларды атаңыз.
13. «Әке» сөзі буынның қай түріне жатады?
14. Еріндік дауыстылардың ережесін айтыңыз.
15. Жуан дауыстыларды атаңыз.
16. Ұяң дауыссыздардың ережесін айтыңыз.
17. Ашық буын дегеніміз не?
18. Қатаң дауыссыздарды атаңыз.
19. Қысаң дауыстылардың ережесін айтыңыз.
20. «Білім» қандай буынды сөз?
- Жолаушылыр, қауіпсіздік белбеулерін тағып, орындарыңызда қозғалмай отыруларыңыз сұралады.
- Капитан жолдас, жолаушылар тапсырманы ойдағыдай орындады. Ұшақ ұшуға әзір.
(Ұшақ суреті мен дыбысы)
- Жергілікті уақыт 9 сағат 20 минут. Ұшақтың ұшу уақыты 45 минут. Осы уақыт ішінде сіздерге әр түрлі тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмаларды орындауға атсалысуларыңыз сұралады.
- Тапсырманы дұрыс орындаған жолаушылар Елордамыз Астананы тамашалауға мүмкіндік алады. Сәтті сапар тілейміз!
- Астана қаласына алғаш ұшып бара жатқан жолаушыларға Елордамыз Астана туралы шағын мағлұмат береміз.
- Қазақстанның жаңа астанасы – жер шарының бүкіл халықтарына бейбітшілік, ізгілік және ынтымақтастық идеялын әкелетін мемлекеттің астанасы.
- Жас астана қазіргі заманның ең жақсы жетістіктерін және өткен мен келешектің бай мұрасын өзіне үйретеді.
- Астана өзінің реңді бұрқақтарымен, бейбітшілік пен ынтымақтастық пирамидасымен және «Хан шатырымен» бүкіл әлемге әйгілі.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
№6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі Опа Анар Жасұланқызы

Буын түрлеріне арналған жаттығу, талдау жұмыстары ( қазақ тілі 5 - сынып). жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама