Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Буын үндестігі
Қазақ тілі 4 - сынып
Тақырыбы: Буын үндестігі

Жалпы мақсат: Қосымшалар түбір сөзге соңғы буынының жуан немесе жіңішкелігіне қарай не жуан, не жіңішке болып жалғанатынын ұғындыру. Берілген сөздерге сай қосымшаны жалғай алуды

Күтілетін нәтиже: Оқушылар сөзді буынға бөле отырып, сөздің соңғы буыны жуан болса жуан қосымша, жіңішке болса жіңішке қосымша жалғанатынын білетін және талдау жасай алатын болады. Осы ережеге сай берілген сөздерге қосымшалар жалғай білуді үйренеді.
Сілтеме: Қазақ тілі, 4 - сынып, «Бастауыш мектепте оқыту» журналы,
Түйінді идея: Оқушыларды сыни ойлауға жетелеу

Мұғалімнің іс - әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды ортаға шақыру
ә) Сыныпты топтарға бөлу.
Гүлдердің суреттерін, үйлердің суреттерін, себеттердің суреттерін тарату.

Әдіс - тәсілдері: Психологиялық тренинг
Ынтымақтастық ортасын құру.

Оқушылардың іс - әрекеті
Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бір – біріне күлімсірей қарап, «күлкі, мейірім» сыйлайды.
Осы бойынша І - топ «Гүлдер»
ІІ - топ «Үйлер»
ІІІ топ «Себеттер»
болып бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.
Ережелер сұрау.
«Сөйлесу жібі» немесе «Бір сабақ жіп» стратегиясы
- Түбір туралы ереже
- Жұрнақ туралы ереже
- Жалғау туралы ереже.
Оқушыларға кезек - кезек бір сабақ жіп ұсыну. Жіпті алған оқушы жіпті саусағына орап тұрып, ереже айтады, мысал келтіреді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама