Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Буынның түрлері
Сабақтың тақырыбы: Буынның түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға буынның түрлерін меңгерту.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін арттыра отырып, өз бетінше жұмыс жасау арқылы ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Сауатты жазуға, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: СТО: «ББҮ» әдісі, Топтастыру, тірек сызбалар
Көрнекіліктер: үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі :
1. Сәлемдесу
2. Түгелдеу
3. Сынып ішін екі топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
301 жаттығуды дәптерлерінен тексеремін.
«Кім жылдам?» ойыны
І топқа
1. Буын дегеніміз не?
2. Дауыссыз дыбыстан буын құрай ала ма?
3. Қазақ халқы аттың тұрмандарын әшекейлеуге көп көңіл бөлген.
(Сөйлемді буынға бөл.)

ІІ топқа
1. Қай дыбыс буын құрай алады?
2. Буын саны неге байланысты?
3. Шағындау алқапта ақбөкендер үйірі қаптай жайылып жүр.
(Сөйлемді буынға бөл.)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама