Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бұл -  менің оқушым
Тақырыбы: Бұл - менің оқушым
Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; ұстазды құрметтеуге, оқу - білімге қызығушылықтарын арттыруға бейімдеу.
Безендірілуі мен қажетті заттар: компьютер, экран қойылады; әр қатысушыға стол, маркер, қағаз таратылады.
Қатысушылар: 4 «А», 5 «А», 5 «Б», 6 «А», 6«Б» сынып жетекшілері мен 1оқушыдан.

Барысы:
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман,- деп, ұстаздарды ортаға шақырамыз.

Бастауышым – балбұлағым,
Алдым сенен білім нәрін.
Әріп танып, жаза білдік,
Рахметім көп жаудыратын
Бастауыш сынып мұғалімі - Әжібаева Гүлжаухар Пауадинқызы.

Орыс тілін оқытып,
«Букваларды» тоқытып.
Шәкірттерін орысша сайратып жүрген орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 5 «А» сынып жетекшісі Макишева Эльмира Жүсіпқызы

Абылай хан, Тәуке хан,
Өткенді ол қопарған.
Ақтарар барлық тарихты,
Ата - баба қалдырған - тарих пәнінің мұғалімі, 5 «Б» сынып жетекшісі Сүлейменова Мөлдір Болатбекқызы.

Ақын Қ. Мырзалиевтің Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, - деген жыр жолдарын өздерінің өмірлік ұстанымына айналдырып жүрген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, 6 «А» және 6 «Б» сынып жетекшілері: Икишева Әсел Амангелдіқызы мен Бектұрсынова Гүлжанат Байбосынқызы.

Кештің кезеңдері:
І. «Мені таңда» - оқушылар жұмбақ кейіпте киініп музыка ырғағымен билеп келеді, сынып жетекшілері өз оқушысын тауып алуы керек.

ІІ. «Мені таны» - оқушылардың салған суреті бойынша табу. (сурет салынып болғанша музыкалық номер).
Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі.
Үйренген өнерін көрсетсін,
Бүлдіршін балалар белсенді, - деп «Мені таны» кезеңіне кезек береміз.

ІІІ. «Ойлан, тап»
Ойшыл болса қай бала.
Тез табады сол ғана.
Кел, ойланып көрейік,
Қызық жұмбақ айнала.
«Ойлан, тап» - бастауыш сынып оқушылары жасырған жұмбақтар видеоролик арқылы көрсетіледі. (Оқушы мен мұғалімнің жауабы сәйкес келуі керек.)

ІV. «Бұл – менің сыныбым»
Мектебің – мынау, класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
«Бұл – менің сыныбым» - оқушы өз сыныбын таныстырады да, бір затты «өз тілімен» айтады. Мұғалім мен оқушының жауаптары сәйкес келуі керек.

V. «Жеміс жинау»
Не деген тәтті жемістер,
Жемісті жесең кемістер
Болмайды сенің бойыңда
Болсыншы осы ойыңда.
«Жеміс жинау» - мұғалімнің көзі байлаулы болады. Оқушысының көмегімен «жеміс жинайды», кім көп «жеміс жинаса», сонша ұпайға ие болады.

VІ. «Сыйлық таңдау» - екі түрлі сыйлық қойылады, біреуі – оқушы үшін, екіншісі - мұғалімге арналған. Оқушы қайсысын таңдайды – таңдау мен мұғалім жауабы сәйкес болуы керек.
Ойын шарты - әрбір сәйкес келген жауап 10 ұпаймен есептеледі. Егер соңғы ұпай сандары бірдей болса, қосымша сұрақтар қою арқылы жеңімпаз сынып жетекшісі мен оқушы анықталады.
Алтын ұя, алтын орда тірегім,-
Деп соғатын болсын сенің жүрегің.
Шәкіртіңді өз жаныңдай сүйе біл,
Орындалар сонда сенің тілегің.

Біздің мектеп – батырлардың мектебі,
Біздің мектеп – ақындардың мектебі,
Біздің мектеп – ғалымдардың мектебі,
Біздің мектеп – Бағы бардың мектебі болсын - деген тілекпен бүгінгі іс - шарамызды аяқтаймыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама