Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бұл қай кезде болады?
Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады?
Сабақтың мақсаты:
1) Жыл мезгілі және ондағы маусымдық өзгерістер туралы мағлұмат беріледі.
2) Көктем мезгілі ондағы табиғат өзгерісі, жер беті, жан - жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістер туралы кеңірек мағлұмат алады.
3) Оқушылар ақындардың көктем туралы жазған жырларының мән - мағынасын түсініп оқып, мәнерлеп айтуға машықтанады. Табиғатты аялауға үйренеді.
Көрнекілігі: Суреттер, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Іскерлік пен дағды қалыптастыру
Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сабақтың жүру барысы:
I. Қызығушылықты ояту: А) Шаттық шеңбері.
II. Үй тапсырманы тексеру:
Наурыз тойы өлеңін жатқа айтқызу.
- Наурыз тойының тойлану ерекшелігін айту.
Ойын «Жұбын тап».
____________ маңырады, боздады, қоздады, үрді, ұшты, абалады, қонды.
Ит ______________+ _________________.
Құс ______________+ _________________.
Түйе ___________________.
Қой _____________________ + _______________.
Ережені пысықтайды.
III. Мағынаны тану:
А) Галереяны шарлау:
- Біз бүгін табиғат әлеміне ойша саяхат жасаймыз.
1. Өлеңді мәнерлеп оқып беру;
2. Топ оқушыларына мәнерлеп оқыту;

Бұл қай кезде болады?
Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай – салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады.
Өрік, алма,
Шие, алша,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз,
Қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі.
Астық пісіп,
Орақ түсіп.
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

3. Өлең мазмұны бойынша сурет салу:
1 топ: 1 шумақ бойынша;
2 топ: 2 шумақ жартысы,
3 топ: 2 шумақ қалғаны бойынша,
1 топ: Көктем көрінісі:
2 топ; Күз маусымы:
3 топ. Күзгі еңбек өнімдері:
4. Шығармашылық тапсырма: Сурет бойынша әңгімеле:
1 топ: Көктем келді. Күн жылынды. Мал өріске шықты.
2 топ: Күз түсті. Күн салқындады. Жемістер мен көкөністер жиналды.
3 топ: Күз мезгілі. Қырманда қызу еңбек басталды. Бидай орылып, қамба астыққа толды.
5. Автор туралы мәлімет.
6. Дәптермен жұмыс: 117 - жаттығу
1. Көп нүктенің орнына керекті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Ұшақ ұшт.... Кеме жүзд.... Аю ақ... рды. Қорадағы мал үр... кті.
2. Қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңдар.
IV, Ой толғаныс: Шығармашылық тапсырма.
Жылдың төрт мезгілі туралы әңгімелеу.
1 - топ: Көктем. 2 - топ: Жаз. 3 - топ: Күз. 4 - топ: Қыс.
V. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.
VI. Бағалау.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама