Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Бұлшық еттер. Бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бұлшық еттер. Бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қасиеттері туралы білімдерін тереңдету; адамның қаңқа бұлшық еттерінің құрлысымен қызметіндегі ерекшеліктерді анықтау. Адам денесіндегі бұлшық еттердің негізгі топтары туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Сайыс арқылы ой - өрістерін, ойлау жылдамдықтарын дамыту.
Тәрбиелілік: Ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа, бір - бірін тыңдауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Бұлшық ет жүйесі», «Адам қаңқасы» кестелері, бұлшық ет ұлпаларының муляждары, тестік диктанттар.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, сауалнама, сұхбат - дәріс, өзіндік жұмыс.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
«Күлкі көңіл айнасы» тренинг
«Күні бойы бір күле алмасаң,
Онда оны зая кеткен күнім деп есепте»
Виктор Мари Гюго (француз жазушысы)
Адам күлгенде 17 бұлшық еті қимылдайды.
♦ Күлкі адам ғұмырының ұзақ болуына ықпал жасайды;
♦ Иммунитетті күшейтеді;
♦ Жиі күлген адам стресс пен депрессияға сирек шалдығады;
♦ Қан айналым жүйесін жақсартады;
♦ Күлкі адам ағзасын тазартады;
♦ Сұлу болам десеңіз әрдайым күліп жүріңіз!
Жұлдызшалар бойынша оқушыларды топқа бөлінеді

II. Үй тапсырмасын сұрау. А) Сұрақ жауап.
- Байламдардың созылуын қандай белгілері бойынша анықтауға болады?
- Сүйек шығу белгілері қандай?
- Омыртқа жотасы, бас сүйегі, кеуде қуысы сүйектері сынған кезде қандай сақтық шараларын сақтау керек.
- Сіңір созылғанда қысатын таңғышты қалай салады?
- Білек, иық, тізе, санға шина салу әрекетін түсіндір?
В) Биологиялық диктант.
Барлық омыртқалар бір - бірімен …, бұлшықеттер … арқылы байланысады. Қол сүйектеріне жататындар тоқпан жілік, … пен шынтақ сүйегі, қол басы сүйектері жалғасады.
• Бұлшық ет деген сөзді естігенде ойымызға не түседі?
(әр оқушы жеке жұмыс жасап, дәптерлеріне түсіреді және жұппен, топпен талқылайды)
• Бұлшық ет туралы не білгіміз келеді? сұрағына жауап жазады.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бұлшық ет: Кеңістіктегі қозғалысын басқарып, тепе - теңдікті сақтайды, әр түрлі қозғалысты пайда етеді, ішкі мүшелердің барлық жұмыстарын, ас қорыту, қан айналу, зәр шығару, ішкі секреция бездерінің жұмыс істеуіне көмектеседі, жұтыну, дауыстың шығуы, көздің қозғалуы, жоғарғы жақ қозғалысын басқарады, сүйектермен бірлесіп, денеге пішін беріп, тік ұстап тұрады, кеуде қуысын құрайтын қабырға аралық бұлшық еттер көк ет, тыныс алуды басқарады.

Бұлшық еттер. Бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама