Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны.
Сабақтың мақсаты: Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін айқындау. Бунақденелілер туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.
Оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тірі ағзаларға деген қамқорлық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
1. Зәршығару жүйесі – жасыл бездер
2. Ұзын және қысқа мұртшасы болады
3. Жүретін 8 аяғы бар
4. Зәршығару жүйесі - сатанбез және мальпигий тамырлары
5. Тыныс алу мүшесі - желбезек
6. Тыныс алу мүшесі - өкпе қапшығы және демтүтік
7. Астың ішектен тыс қорытылуы тән
8. Хитинде нәруыз көбірек болады
9. Хитинге әктенген заттар көбірек сіңеді
10. Көздері қарапайым құрылысты
11. Циклоп, дафния, таңқышаян
12. Кене, құршаян, бүйі

Сәйкестігін тап:
Мамықкене --------------- Мөлшері 0, 2 - 1, 0 мм, өрмек бездері болады
Қышыма кене ------------ Түрлі өсімдіктердің шырынын сорады
Алма кенесі --------------- Мал шаруашылығына зиян келтіреді
Тайгалық кене ------------ Азық - түлік қорын бүлдіреді
Қамба кенесі -------------- 7 - 9 рет ұрпақ береді; алма, алхорыны зақымдайды
Нәзікбас кене ------------- әкаяқ ауруын туғызады
Берішкене ----------------- адамда қышыма ауруын туғызады
Өрмеккене --------------- энцефалит ауруын жұқтырады

ІІІ Жаңа тақырып бойынша жұмыс
Бунақденелілер класы
Сипаттамасы
*Дене бөліктері: бас, көкірек, құрсақ
*Барлығы 6 аяқты
*Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты
көздер мен көзшелер баста орналасады
*Жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ асты түйіні, құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін – ганглий түзеді.
* Демтүтік арқылы тыныс алады
* Басым бөлігінде қанаттары болады
* Қантарату жүйесі - ашық жүйе
* Зәршығару жүйесі – мальпигий түтікшелері
*Тіршілік ортасы: жер беті, ауа, су, адам және жануарлардың ағзасы, топырақ асты

Энтомология - бунақденелілерді зерттейтін ғылым /гректің “ентома”- бунақдене+ “логос”- ғылым/.

Талдысай орта мектебінің биология пәні мұғалімі:
Ешмұханов Таңат Жанғырханұлы

Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама