Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бұрыш түрлері. Көпбұрыштар
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Математика 2 сынып
Геометриялық фигуралар және олардың өзара орналасуы
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш түрлері. Көпбұрыштар.
Оқу мақсаты: бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) бір бірінен ажырату және атау/тіктөртбұрышты, шаршыны, тікбұрышты үшбұрышты мәнді белгілері бойынша анықтау.
көпбұрыштарды төбелер саны бойынша жіктеу.

(Ұ) Белсенді оқу - «Суретінен таны» (Жаңа тұжырым қалыптастыру)
Нұсқау: Суретке назар аудар.
Тапсырма:
- Суреттен қандай сызықтарды көріп тұрсың?
- Оларды қандай топтарға бөлуге болады?
- түзу сызықтар
- сынық сызықтар
- қисық сызықтар
- тұйықталған сызықтар
- тұйықталмаған сызықтар
- Сынық сызықтар екі түзу сызықтардың қиылысуынан пайда болады. Қиылысқан жері төбесі болады, яғни бұрыш бұл бір нүктеден шыққан әртүрлі екі сәуледен құралған фигура екен. Олай болса, бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болады?
- Бұрыш және оның түрлері. Көпбұрыштар.

ҚБ: Сызық туралы білімдерін еске түсіреді.
Ынталандыру: Жарайсыңдар

Сабақтың ортасы:
Тапсырма:
Дәптерге нүктені белгіле
Одан екі сәулені шығар.
Қандай фигура пайда болды?
Ол неден тұратынын айт.
Бұрыш - бұл бір нүктеден шыққан екі сәуледен құрылған фигура.
А нүктесі - бұрыштың төбесі, АВ, АС сәулелері - бұрыштың қабарғалары
Бұрыштың 3 түрі бар:
Тік бұрыш сүйір бұрыш доғал бұрыш
Бұрышты бір немесе үш әріппен белгілеуге болады. Бірақ бұрышты үш әріппен белгілеген кезде, төбесі ортасында болатынын есте сақтау керек. Кез келген фигураны латын әліпбиінің әріптерімен белгілейді.
Бұрыш түрлері. Көпбұрыштар. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама