Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Биофизика қолданбалы курс
БИОФИЗИКА қолданбалы курс
Алғы сөз
Жаратылыстану ғылымдарының негізінде физикалық ұғымдар мен заңдылықтар жатыр. Физика - жаратылыстану, соның ішінде биологиядағы зерттеулер үшін қолданылатын ғылым.
Бізді қоршаған әлемнің өзі оқушыларды қызықтырады, олар өмірде болып жататын құбылыстардан туындайтын сұрақтарға жауап беруге тырысады. Міне, сондықтан «биофизика» қолданбалы курсында физика мұғалімі пәнді табиғаттағы тіршіліктің маңызды биологиялық құбылыстарын физика заңдары негізінде түсіндіруге ерекше мән беруі керек.
Биофизика биология ғылымын физикамен тығыз байланыстырады. Пәнаралық байланыс оқушылардың табиғаттың құбылыстары жөніндегі біртұтас дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруға әсерін тигізеді.

Бұл курстың оқытылуы оқушылар бойында шығармашылық қабілеттерін, ізденімпаздығын дамытуға, қосымша әдебиеттермен дербес жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, қоршаған өмірдегі табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін физикалық білімдерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Жинақта берілген биологиялық мәліметтері бар есептерді шығару оқушылардың пәнге деген ынтасын оятып, ой - өрістерін кеңейтіп, білімдерін тиянақтауға, физика пәнін тереңірек түсінуге көмектеседі.

Биофизика. 10 - сынып.
Барлығы 34 сағат
Р/с Мазмұны Сағат саны
1 Кіріспе 1
Механика элементтері биофизикада(11 сағат)
1 Механика элементтері биофизикада. Бұлшық ет пен сүйекке әсер ететін күштер. Секіру кезінде сүйекті сындыратын күштер. 1
2 Тірі табиғаттағы жай механизмдер. 1
3 Тірі табиғатта Ньютон заңдарын қолдану. 1
4 Тірі ағзалардың жүгіру жылдамдығы мен жүгіру энергетикасы. 1
5 Архимед күшінің тірі ағза тіршілігіндегі маңызы. 1
6 Биологиялық материалдың серпінділік қасиеттері. 1
7 Тірі ағзалардағы реактивті қозғалыс. 1
8 Механикалық жұмыс және ағза мүшелері. 1
9 Ғарыштық биология. Салмақсыздық, асқын салмақ, олардың тірі ағзаларға әсері. 1
10 Есептер шығару. 2
Биологиялық жүйе термодинамикасы (10 сағат)
1 Тірі табиғаттағы жылу балансы. 1
2 Тірі ағзалардағы жылу берілу түрлері. 1
3 Тірі ағзадағы булану процесінің ролі. 1
4 Биологиялық объектілердегі энергияның айналу және сақталу заңы. 1
5 Тірі табиғаттағы диффузия құбылыстары. 1
6 Биологиядағы термодинамиканың бірінші заңы. 1
7 Термодинамиканың екінші заңының тірі ағзаларға қолданылуы. 1
8 Есептер шығару. 2
9 Жылудың биологиялық объектілер үшін маңызы. 1
Гидродинамика және гемодинамика (4 сағат)
1 Қан - тірі ағзалардың тіршілік етуінің негізгі факторы. Қан алмасу жүйесіндегі қанның ағуы. 1
2 Қанның физикалық қасиеттері. 1
3 Жүрек - механикалық жүйе. Жүрек қан - тамырлар жүйесіндегі қан қозғалысының физикалық заңдылықтары. 1
4 Практикалық жұмыс. Қан қысымын өлшеу әдістерінің физикалық заңдылықтары. 1
Тербелістер мен толқындар биофизикада.(8 сағат)
1 Биологиялық объектілердегі тербелмелі қозғалыстар. 1
2 Биоакустика. Дыбыс - физикалық құбылыс. 1
3 Жануарлар әлеміндегі дыбысты қабылдау және дыбыс шығару. Жануарлардың, адамдардың есту аппараттары. 1
4 Ультрадыбыс биофизикасы, оның қолданылуы. 1
5 Инфрадыбыс биофизикасы, оның ағзаларға әсері. 1
6 Тірі ағзаларға шудың әсері. 1
7 Есептер шығару. 1
8 Қорытынды сабақ. (тест) 1
№26 жалпы білім беретін орта мектептің
физика пәнінің мұғалімі Мусалиева Рукен Гаукербекқызы

Биофизика қолданбалы курс. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама