Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Cабақ – өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі.
Биология 6 сынып
Тақырыбы: § 12 Cабақ – өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі.

Мақсаты: 1. Өсімдіктер сабағының құрылысы мен қызметі, ішкі құрылысы, сабақтың бойлап және жуандап өсуі, камбийдің рөлі, жылдық сақиналар туралы түсінік беру арқылы өсімдіктердің вегетативті мүшелері жөніндегі білімдерін тереңдету.
2. Оқушылардың өзіндік жұмыс арқылы білімді өз бетімен қабылдау әрекетін дамыту
3. Әрбір істі саналы түрде орындауға, және қоршаған ортамен саналы қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: ТС пайдаланып түсіндіру, кестелер, Венн диаграммасын толтыру
Көрнекі - құралдар: сызбанұсқалар, суреттер. кестелер, слайд
Пәнаралық байланыс: экология, география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
А) сәйкестендір

1) Өсімдіктер мен қоршаған орта арасындағы газалмасуды жүргізеді;
2) Жапырақты жоғарғы және төменгі жағынан жауып тұратын қабат;
3) Бұл жерде ауаға толған жасушааралық қуыс орналасқан;
4) Жапырақтың үстіңгі өңінің астына орналасқан жасушалар;
5) Жарты ай немесе бүйрек пішінді бір - бірімен жанасқан жасушалар;
6) Бұл жасушалар жапырақтың жұмсағын құрайды;
7) Бұл жерде жасыл бағыналы жасушалар орналасқан;
8) Жасушалар жапырақты бүлінуден сақтайды;

Ә) Фотосинтезге керектілерді таңдап ал.

1) оттегі; 2) көмірқышқылгаз; 3) жарық; 4) лейкопластар; 5) хромопластар; 6) хлоропластар; 7) су; 8) органикалық заттар; 9) топырақ; 10) минералды заттар

Б) Қай пайымдаулар дұрыс? ( дұрыс +, бұрыс - ).

Су мен көмірқышқылгазын сіңіріп, жарықтың әсерінен минералды заттардың түзілу құбылысы фотосинтез деп аталады.
Оттегі жапыраққа сағағы арқылы өтеді.
Қанттың түзілуі өсімдіктердің барлық мүшелерінде жүреді.
Фотосинтез тек жарықтың әсерінен болады.
Фотосинтез кезінде оттегі ауаға таралады.
Тек жапырақтың хлоропластарында қант түзіледі.
Су мен көмірқышқыл газын сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық заттардың түзілу құбылысы фотосинтез деп аталады.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру
Оқушыларға мәтінді оқып шығуға 10мин. уақыт беру. Сабақты төмендегідей жоспар бойынша меңгеру.
1) Сипаттама
2) Қызметі
3) Түрлері
4) Сабақтың ішкі құрылысы
5) Сабақтың бойлап және жуандап өсуі
6) Зертханалық жұмыс
1. Сипаттама. Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін байланыстырып тұратын органикалық заттарды қорға жинайтын вегетативті мүше.

Қарағанды облысы,
Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Б. Амалбеков ат. ЖОББМ биология пәні мұғалімі
Кубеева Гүлшахар Жарылғапқызы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама