Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Cупер кәсіпкер қалай пайда болады?

Англияның (Centre for Policy Studies) саясаттық зерттеу орталығы «супер кәсіпкер қалай пайда болады?» деген тақырыппен зерттеу жүргізіп, ешқандай мұраға қарқ болмастан, нөлден, яғни кедей халден әлемдік деңгейде миллиардер жағдайға жеткен кәсіпкерлердің ортақ ерекшеліктерін анықтап жазды. Зерттеу бойынша супер кәсіпкерлер ретінде көрсетілген бұл адамдардағы ең басты қасиет бойында кәсіпкерлік рухының болуы екен. Бұған қоса өзіне деген сенімділік, алға ұмтылыс, сәтсіздіктерге, келеңсіздіктерге тап болғанда төзіп, оны жеңе алу өз күшімен миллиардер болған адамдарда жиі кездесетін ерекшелік екендігі аталған.

Зерттеуде тағы супер кәсіпкер болу үшін білім қажеттілігі айтылған. Зерттеу бойынша АҚШ-тық супер кәсіпкерлердің 16% ғана жоғары білім алмаған екен. Қалғандары елдің ең алдыңғы қатарлы білім ордаларын тамамдаған. Сондай-ақ супер кәсіпкер болу үшін адамда бай болу, табысты болу құлшынысы болу қажеттігіне тоқталған. Супер кәсіпкерлер ақпараттық технология (IT), биотехнология, қаржы және сауда салаларында көбірек кездесетіні айтылған. Бұл салаларда мемлекет тарапынан бөлінетін бюджет, басқа салаларға қарағанда ауқымды болатын көрінеді. Зерттеу бойынша бюрократиялық үрдістері көп қинамайтын және салық мөлшері төмен болған елдерде супер кәсіпкерлік жылдам өрлейтіні аталған. Супер кәсіпкерлердің белсенділігі, табысы мен жаңалықтары өз елі үшін де қосатын үлесі тұрғысынан маңызы жоғары болып табылады. Зерттеуге 1996 мен 2010 жылдар аралығында Форбс журналының тізіміне енген және нөлден миллиардер деңгейге жеткен 1000 адам алынған. Бұлардың көпшілігі әуел баста даяшы, ыдыс жуушы, жанармай құюшы, үйлерді аралап өнім сатушы, газет сатушысы секілді арзымаған жалақыға жұмыс істеген адамдар екен.

Кедейліктен миллиардерлікке

Ян Кум (Jan Koum)

Әлемге әйгілі “WhatsApp” желісінің құрушысы, фирмасы “Facebook” тарапынан сатып алынғаннан кейін миллиард долларлық дәулетке ие болды. Әйтсе де Ян Кум Украинадан 16 жасында келгенінде қайырымдылық ретінде таратылатын азықпен қоректеніп, кедей күннен көтерілген жандардың бірі екен.

Кенни Траутт (Kenny Troutt)  

АҚШ-тың телекоммуникация саласындағы ең ірі компанияларының бірі саналатын “Excel Communication”-ның негізін қалаушысы. Кенни Траутт студент кезінде сақтандыру полисының сатушысы болып жұмыс істеген. Қазіргі таңдағы әл-ауқаты 1,7 миллиард долларды құрайды.

Говард Шульц (Howard Schultz)

Әлемдегі ең үлкен кофе желісі “Starbucks”-тың атқарушы директоры Шульц өте кедей отбасында өскен. Университетке футбол гранты арқылы түскен болатын. Ол кезде әлі 60 қана желіден тұратын Starbucks-та жұмыс істеуді бастап, әлемдік деңгейге көтерді. Қазіргі таңда жеке табысы 2 миллиард доллар.

Кеннет Лангон (Ken Langon)

АҚШ-тық кәсіпкер Кеннет Лангон жас шағында кафеде жұмысшы болып және сантехник болып жұмыс істеген екен. Қазіргі жетістігі 2,1 миллиард доллар.

Опра Уинфри (Oprah Winfrey)       

АҚШ-тық медия саласындағы ең жоғары рейтингтегі тележүргізушілердің бірі Опра Уинфри Миссисипиде кедей отбасында дүниеге келген екен. Өз күшімен университетке түскен ол 19 жасында көгілдір экранға шыққан алғаш афро-американдық тележүргізуші ретінде танылды. Қазіргі таңда 2,9 миллиардтық жиғаны бар.

Шахид Хан (Shahid Khan)

Автоиндустрия саласындағы ең ірі қосалқы бөлік өндірушісі “Flex-N-Gate” компаниясының негізін қалаушысы Пакистандық Шахид Хан елінен Америкаға алғаш келгенінде сағатына 1 долларлық жалақыға ыдыс жуып бастаған екен. Қазіргі таңдағы дәулеті 3,8 миллиардты құрайды.
 
Джон Пол Деджориа (John Paul DeJoria)

Еңбек жолын есік қағып шампунь сатудан бастап, кейін газет сатқан Джон Пол, қазіргі таңда “John Paul Mitchell Systems” атты алып компанияның иегері. Байлығы 4 миллиард доллар.  

До Вон Чанг (Do Won Chang)

АҚШ-тың әйел киімдері тұрғысындағы ең беделді брэндтерді бірі “Forever 21” маркасының қожайыны. До Вон Чанг жұбайымен АҚШ-қа алғаш келген кезінде жанармай бекетінде, кафеде жұмыс істеп бастаған екен. Қазіргі таңда 5 миллиард долларлық жетістігі бар.

Ральф Лорен (Ralph Lauren)

Текстиль саласындағы алпауыттардың бірі “Ralph Lauren” брэндін құрудан бұрын, текстиль фабрикасында қарапайым жұмысшы болып істеген екен. Қазір 7,7 миллиард долларлық дәулетке ие.

Франсуа Пино (Francois Pinault)

“Gucci”, “Stella McCartney”, “Alexander McQueen” және “Yves Saint Laurent” секілді ірі брэндтердің қожайыны француз миллиардері Франсуа Пино мектепте оқып жүргенінде кедейлігі үшін сыныптастарының мазақтай беруіне шыдай алмай, мектептен шығуға мәжбүр болған екен. Ал қазір 15 миллиардтық жиғаны бар.

Леонардо Дель Веккио (Leonardo Del Vecchio)

“Ray-Ban” және “Oakley” секілді бүкіл дүние жүзінде миллиондаған адамдардың тағып жүрген көзілдірік өндірушісі Леонардо Дель Веккио жетімдер үйінде өскен екен. Кейінннен заводта істеп жүріп бір саусағынан айрылады. Қазір 15,3 миллиардтық дәулеті бар.

Джордж Сорос (George Soros)

Жаһандық экономиканың ең әйгілі инвесторларынан саналатын Джордж Сорос, жас күнінде фашисттердің Мажарстанға шабуылы кезінде Лондонға қашады. Англияда кедейшілік ішінде өскен Сорос қазіргі таңда 20 миллиардтық дәулеттің иесі.

Ли Кашин (Li Ka-shing)

Азиялық индустрия саласының алпауыты “Cheung Kong Industries” -тың басшысы Ли Кашин 15 жасында әкесінің қайтыс болуынан кейін отбасын асырау үшін сабағын тоқтатуға мәжбүр болады. Ал қазір 31 миллиардтық дәулеті бар.

Ларри Эллисон (Larry Ellison)

“Oracle” компаниясының басшысы Ларри Эллисон өзін асырап алған анасы қайтыс болғанынан кейін сабағын тастап сегіз жыл бойы түрлі салаларда жұмыс істейді. Қазір 41 миллиардтық дәулетке ие.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама