Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Д дыбысы мен әрпі
Сауат ашу 1 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Д дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Д - дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға жаттықтыру
2. Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыра отырып оқуға деген ынтасын, қызығушылығын арттыру. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, нақтылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе буын, суреттер, ойындар.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, қайталату;

Сабақтың мазмұны:
І Ұйымдастыру: Оқушылардың даярлығын тексеру. Сабаққа зейінін аудару.
II. Үй тапсырмасы: Дәптердегі тапсырманы тексеріп шығып, «Қ»- әрпіне берілген
Бағандағы сөздерді оқытып шығу.

ІІІ Жаңа сабақ:
а) Жұмбақ жасыру:
Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң, ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. /Доп./
- Демек біз бүгін - «Д» - дыбысымен және әрпімен таныс боламыз.
ә) Д дыбысын үш рет айту.(дауыссыз дыбыс екенін анықтау.)
б) Д дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
в) «Сөз ойла, тез ойла»- ойыны.
- Д - дыбысына қатысты сөз ойлау, сөзді қатыстырып сөйлем құрату.
г) Плакаттағы сөздерді хормен, тізбектей оқыту:
Дала доп Дулат
Доға доптар Айдар

IҮ. Жаңа білімді бекіту.
1. Оқулықпен жұмыс:
- Бағанмен берілген сөздерді оқыту;
- Қайда сұрағына жауап беретін сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып оқуға жаттықтыру.
– Дулат қайда? Айдар қайда?
- Жеке - жеке оқыту.
2. «Буындарды қосайық»- ойыны
Қал -.., Қу -...., Шор -..., Тор -..., Ша -..., На -..., Ду -.., Ай -..., Да -.., Ар -..,
- Сергіту сәтін өткізу:
Добым, добым домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.

Ү. Жаңа білімді тексеру.
- Д қандай дыбыс?
- Қай буындарда жазылады?
1. Дәптермен жұмыс:
Д әрпін жазуға жаттықтыру.
- Ауада жазып көрсету
- Тақтаға жазып көрсету.
- Оқушыларға тақтаға жазғызып байқау.
- Жұмыс дәптермен жұмыс.

2. Эстафеталық ойын: Екі қатар б/ша тақтаға сөздер жазғызып жарыстыру.
Дала, Қалақ, Айран, Шолпан, Дулат, Раушан, Дана.
ҮІ Сабақты қорытындылау:
Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?
YII. Оқушылар еңбектеріне бағалаулар жасау.

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащы - бұлақ ауылы.
«М. Мәметова атындағы орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Бастауыш сынып мұғалімі
Жиентаева Гулназ Маныбекқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама