Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Д. Назарбаева оқушылардың жазғы каникулын қысқарту керектігін айтты

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева оқушылардың жазғы каникулын қысқарту керектігі жайында айтты.

Атап айтқанда, бүгін Астанадағы № 81 «Astana English School» мамандандырылған гимназиясы мұғалімдерімен және оқушыларымен кездесу барысында Д. Назарбаева ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпаратын жеткізді. Онда жазда үш айға созылатын каникулда балалар арасындағы қылмыстар қалған айлармен салыстырғанда көбірек жасалатыны баяндалған.

«Балалар үш айда не істерін білмей жүріп қалады. Әзірге, аула клубтары белсенді жұмыс істеп жатқан жоқ, сондай-ақ балалар лагерлерінде орында жетіспейді. Балалар өз бетінше жүрсе, ата-аналары жұмыста болады»,-деп тоқталды Үкімет басшысының орынбасары.

Осы ретте ол Еуропада оқушылар каникулға 5 шілдеден кейін шығатынын және Қазақстан да осы тәжірибені енгізуі керек екендігін жеткізді.

«Жаңа оқу жылынан (бірінші сыныпқа баратындар) баруы тиіс балалар 1 маусымға дейін оқитын болады. Оқу жылы ең ұзақ дегенде маусымның ортасына дейін жалғасуы мүмкін. Дегенмен де мен  шілдеге дейін жалғасқанды қолдаймын»,-деді вице-премьер.

Оның пайымынша, жазғы уақытта балалар ермек ететін шараларды егжей-тегжейлі ойластыру керек.

«Мысалы, мектеп туризмінің дамытқымыз келеді. Оқушылар ел бойынша сапарлап, барлық мұражайларды, тарихи орындарды, ескерткіштерді білуі керек», - деді ол.

Автор: Руслан Ғаббасов


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама