Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
"Дала уәлаяты" газетінің ауыз әдебиеті үлгілері мен көтерілген мәселелері

1888 жылы құрылған «Дала уәлаяты» газетінің қазақ баспасөзіндегі алар орын ерекше не дегенмен «Түркістан уәлаяты» газетінен кейінгі өзіндік тарихымен ерекшеленетін газеттердің бірі осы газет деп білеміз. Басқа газеттер секілді бұл газетте де ресми және бейресми сандары болды. Және тағы бір айта кетерлік ерекшелігі газетте көбінесе орыс ақын-жазушыларының шығармаларын аударып басып отырған. Одан бөлек газет халық ауыз әдебиеті арқылы әлеуметтік проблемалық мәселелерді көтеріп отырған. Және тағы бір айта кетерлік дүние газет бетінде «Редакцияға хат» деген арнаулы бағдарлама ашылған. Ол бағдарлама бойынша газеттің ойы екіге бөлінді біреулер арнаулы ақындардың өлеңін жинақ етіп басуды талап етті, енді кейбіреулер қазақ газетіне кім немен көмектесе алар екен, жазба әдебиетті қалай дамытуға болады деп жазды. Нәтижесінде халық туындылары және  танымал жазушылар мен публицисттердің шығармалары басылды. Одан бөлек Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің шығармалары басылып, Шоқан Уалихановтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мақалалар жарық көрді.

Кейбір деректерге сүйенсек «Дала уәлаяты» газеті халық ауыз әдебиетін жинақтап, орыс әңгімелерін аударып жариялауда өте керемет ізденіс танытқан. Ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы қазақ оқығандары Б. Адықов, Ш. Айманов, Р. Дүйсебаев тағы басқалар бастырған дүниені халықтың жазбасы деп атап көрсетсе, Кейбіреулері кімнен қайдан алғанын нақтылап хабарлаған. Және бір айта кетерлігі бұл газетте тілдік мәселелерге жіті назар аударған және осы тақырыптарды жиі көтеріп отырған. Мәселен А. Құрманбаев «Қазақ тілін қолдау және дамыту, орыстың білімін тарату-қазақ оқығандарының  адамгершілік борышы болуға тиіс.Қазақ тілін өңдеу ережесін тәртіпке келтіру жөнінде Алтынсарин бастаған істі ілгері  алып баруымыз керек» деген. Тағы бір тоқталып өтетіні бұл жерде орыс білімін тарату дегенді орыс тілін тарату емес ,яғни сол орыс тілінің әдебиетінің деңгейіне қазақ тілін жеткізу. Сол қараңғылықтан құтылу жолы деп түсінуге болады. Кейбір ұлтшылдар орыс мәдениетінен шошынса, бұлар ондай түсініспеушілікке жол бермеді, керісінше дұрыс жағынан қабылдауды, керек жағын ғана қабылдауды ұғындыру үшін жасалған идея секілді.

Әлімбекқызы Анэль әл-Фараби атындағы Қазұу 1 курс студенті


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама