Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Дәмді және пайдалы. Нәтиже сабақ
Сабақ тақырыбы: Дәмді және пайдалы. Нәтиже сабақ
1 - сынып
Оқу мақсаты: Барлық оқушылар: дұрыс тамақтану туралы біледі;
• Оқушылардың басым бөлігі: пайдалы және зиянды тағам түрлерін біледі
• Кейбір оқушылар: Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін қонақжайлылық ұғымының мәнін түсінеді.
Тірек сөздер: ұлттық тағам – национальные блюда – national dish;
дұрыс тамақтану – правильное питание – healthy diet.
Ресурстар: «Жарнама» тапсырмасына арналған бейдждер, суретті үлестірме парақшалар, тапсырмасына арналған А3 көлеміндегі қаға, тағам өнімдері бейнеленген суреттер,
Сабақтың мақсаты: 1. 1. 4. 2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру
Сауатты сөйлеу, өз ойын толық жеткізу
Пайдалы және зиянды тағам түрін анықтау

Ұйымдастыру кезеңі
Амансың ба алтын күн
Ашық болсын көк аспан
Сәлем берем достарға
Сәттілік тілеп баршаға!
Топқа бөлу, топ басшыларын сайлау, топпен жұмыс кезіндегі ережені еске түсіру, топтарға ат қою
Мақсатты анықтау

Психологиялық ахуал
Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зоp.
«Менің көңіл күйім» үш топтың топ басшылары кезекпен үш тілде көңіл күйін сұрау.
Кесте толтыру
Дәмді - пайдалы - зиянды
Суретпен жұмыс
Дұрыс тамақтану ұғымы мынадай үш негізгі қағидатты қамтиды:

1. Адам пайдаланатын тағам пайдалы болуы тиіс.

2. Тамақты күнде уақытында ішкен дұрыс.
3. Тамақты шамамен қабылдау қажет.
Тамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін осы сала мамандаpы жиі айтуда. Тағамның шипалы түрлерін пайдалану аpқылы түрлі ауpулаpды емдеуге болады.
Сергіту сәті
Қонақжайлылық. Қонақжайлылық – бұл қазақ халқы мәдениетінің ең басты құраушы. Ертеден қазақтар үшін қонақтарды қарсы алу негізгі борыш болып саналған. Тіпті бейтаныс адамды да қарсы алып, тамақ және сусын бергеннен кейін ғана жөн сұрасқан. Қонақтарға құрметпен қарауға бала кезінен тәрбиелеген. Қазақстан – бейбітшілік, өзара түсіністік, татулық - достық орнаған көп ұлтты ел. Біздің елімізде барлық ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүреді
Пайдалы және зиянды тағам түрлері.
Дәмді және пайдалы. Нәтиже сабақ. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама