Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Дамыта оқыту жүйесі
Негіздер
(Дамыта оқыту жүйесі бойынша құрастырылған сабақ жоспары)
Дамыта оқыту жүйесі
Дамыта оқыту - мұғалімнің басты міндеті, ол оқу материалы мазмұнын оқушыға дайын күйінде жеткізу, түсіндіру, іс - әрекет үлгісін дайын түрде көрсету емес, оқушымен бірлесе, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндеттерді түсіну, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру. Осы негізде «Негіздер» тақырыбы бойынша өткізілген сабақта оқушылардың өз бетімен, топ болып жұмыс істеуін негізге ала отырып, мынадай мақсаттар қойдым:
1. Білімділік. Негіздердің құрамын физикалық және химиялық қасиетін сипаттай білу және химиялық қасиеттерін сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге баулу. 2. Дамытушылық. Заттарды бір - бірінен ажырата білу, негіздердің химиялық формуласын жазу, теңдеу құру біліктерін тәрбиелік ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, уақытты үнемдей білуге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Тақтаның ортасына «Негіздер» деген сөз жазылып әрбір оқушы осы затты сипаттайтын белгілер туралы ойларын айтады. Айтылған ойлар тақтаға жазылып, сызба - нұсқа құралады.
Жаңа сабақты оқып үйрену осы сызба арқылы жүргізіледі. Негіздерді құрамына қарай отырып жіктеу үшін оқушыларға сыныптық жұмыс беріледі.
Мына берілген негіздерді кестеге орналастырыңыз.
Са(ОН), Fe(OH) Ba(OH) AL(OH) Be(OH) Li(OH) Cu(OH) Zn(OH)

Берілген гидроксидтер құрамындағы метеллдардың валенттіліктерін анықтап, кестені толтыр және гидроксид тобының саны неге тәуелді болатындығын түсіндіріңдер.
Cu(OH) ₂ CuOH Al (OH) ₃Ca(OH) ₂LiOH
Негіздердің формуласында бірінші орында метал атомы, ортасында оттек атомы, соңында сутек атомы жазылады. Негіздердің графикалық формуласын кескіндеу үшін басшылыққа алынатын сызба нұсқа ұсынылады да, тапсырма берілді.

Байбатырова Айгүл Қайырқызы
М. Ахметбекова атындағы орта мектебінің
химия пәнінің жоғары санатты мұғалімі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама