Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Дамыту ойындары арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс - әрекеттерін қалыптастыру
Дамыту ойындары арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс - әрекеттерін қалыптастыру

Қазіргі кезеңде қоғамда болып жатқан көп өзгерістер мен әлеуметтік теңсіздіктер, отбасылық, қоғамдық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйесі бұзылған, психикалық дамуында тежелуі бар балалардың көбеюіне әкеліп отыр. Психикалық дамуында тежелуі бар балаларға тез шаршау, сөздік қорының аз болуы, ойын және іс - әрекеттің қалыптасу бәсеңдігі, қабылдауы баяу және ойлау қызметінің төмендігі, логикалық ойлауының қалыптасу қиындығы тән.
Психикалық дамуында тежелуі бар балалар – әдетте ұзақ уақытта әр түрлі себептегі науқастар салдарынан, түрлі созылмалы аурулардан, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулардан, балалар неврозынан жапа шеккендер. Көп жағдайда мұндай балалар әлсіз, әлжуаз, қорқақ және тұлғалық қарым - қатынаста шектеулі болып келеді. Көңіл - күйінің төмендеуі баланың орталық жүйке жүйесінің дамуына әсер етеді әрі шектейді. Алайда, науқасынан сауыққан балалар өз қатарын қуып жете алады.
Мектеп табалдырығын аттаған бала қиын да қызықты өмірге енеді. Ол бірте - бірте өз қатарластарымен және мұғалімдермен қарым - қатынас әліппесін меңгере бастайды. Педагог - психолог ғалымдардың зерттеуі бойынша мектепке келген бала жүйелі оқуға дайын болады. Мектепке келгеннен кейін балада бірнеше психикалық өзгерістер пайда болады. Олар:
- Өз мінез - құлқын, тәртібін бақылай алады;
- Өз ойын жинақтап қорытады;
- Сөйлеуді практикалық түрде жете меңгереді;
- Басқалармен қарым - қатынас құра біледі;
- Қоғамдық іс - әрекеттерге белсенділік білдіреді.
Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың 50 пайызын психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. Дефектологтар В. И. Лубовский, К. С. Лебединская зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі болуы мүмкін екендігі, яғни, балалардың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігі ерекше атап көрсетілген. Психикасы дамуы тежелген (ПДТ) дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.
Қазіргі уақытта ПДТ балаларды этимологиялық қағида негізінде жіктеу қолданылуда (К. С. Лебединская).

Психикалық дамудың тежелуі 4 топқа бөлініп қаралады:
1. Конституциялық;
2. Соматикалық;
3. Психогендік;
4. Церебралдық - органикалық себептерден пайда болған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама