Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дамытушы ойын-жаттығулар
Ашық іс - әрекет
(дамытушы ойын - жаттығулар)

Мақсаты: Көру арқылы қабылдауды дамыту (пішін, көлем). Санау дағдыларын жетілдіру. Жадында сақтауды және ойлауды дамыту. Көріп есте сақтауды дамыту, сөйлеуін дамыту. Ұсақ моториканы дамыту. Қарым - қатынас дағдыларын жетілдіру.
Әдіс - тәсілі:- психожаттығу
- сюжетті - рөлді және басқа да ойындар
- топтық жұмыс
Керекті құралдар: сары түсті қарындаштар, суреттер, тақта, пішіндер, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, қорап, кірпі, шелектер.

Барысы: Амандасу Ортақ шеңбер
Жүргізуші: Бәріміз бір - бірімізді көріп отыратындай, дөңгелене отырайық. Енді бір - біріміздің көзімізге қарап, бәріміз амандасайық. Жүргізуші көзімен бәріне қарап, басын изеп, қолын көршісінің иығына тигізеді.
Жүргізуші: Балалар, бүгін бізге ертегі кейіпкерлері қонаққа келіпті. Ол қандай ертегі екенін білесіңдер ме?
Балалар: Жоқ
Жүргізуші: Ертегінің кейіпкерлері мына терезелердің ішіне жасырынып қалыпты. Плакат геометриялық пішіндердің суреттері салынған терезе сияқты ашылады.
Жүргізуші: Кімдер тығылды екен? Төртбұрышты көрсетіп. Мынау қандай пішін?
- Төртбұрыш
Жүргізуші: Неше төртбұрыш?
- Екеу
Жүргізуші: Өлшемдері бірдей ме?
- Біреуі үлкен, ал екіншісі кішкентай
Жүргізуші: Үлкен төртбұрышты ашып. Мынау кім?
- Ата
Жүргізуші: Кішкентай төртбұрышты ашып. Мынау кім?
- Әже
Жүргізуші: Ата мен әже туралы жақсы сөздер айтыңдаршы.
Балалардың жақсы жылы - жылы сөздері.
Жүргізуші: Мынау қандай пішін?
- Дөңгелек
Жүргізуші: Неше дөңгелек?
- Екеу. Біреуі үлкен, ал екіншісі кішкентай.
Жүргізуші: Үлкен дөңгелекті ашып. Мынау не?
- Терезе
Жүргізуші: Кішкентай дөңгелекті ашып. Мынау не?
- Бауырсақ
Жүргізуші: Бұл қандай ертегі екен?
- Бауырсақ
Жаттығу: Үлкен - кішкентай
Бауырсақтың домалап келе жатқанда жолында кездескен аңдарды сұрап, олардың қимыл - қозғалыстарын жасау.
Балалар, бауырсақты түлкі де жей алмады, себебі бауырсақ домалап қашып кетті. Бәріміз бауырсақты табайықшы.
Жаттығу: Көзге арналған.
Жоғары - төмен,
Оң - сол.
Көбелектің артынан,
Айнала қарайық.
Жүргізуші: Шаршадыңдар ма, балалар? Отырып дем алайық.
Жаттығу: "Қуыршақ"
Демалып болсақ, бауырсақты іздестіруді жалғастырайық. Жолда кірпіні кездестіру. Кірпі бізбен ойын ойнағысы келіп тұр.
Ойын: "Кірпіні тап"
Мақсаты: Қабылдауды дамыту.
Кірпінің жасырынған жерінде ойын - тапсырмалар бар екен. Соларды орындайық.
Ойын: Жұбын тап
Мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын: Өз орнына қой
Мақсаты: Зейінді дамыту. Балаларға бауырсақтың суретін бояту. Балалар, кірпі бізге бауырсақты табуға көмектесті. Кірпіге рахмет айтайық. Енді кірпімен ертең ойнаймыз.
Сау болыңдар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама