Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Дара және күрделі сан есім
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есім.
Сабақтың мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, сөз таптары соның ішінде сан есім туралы грамматикалық ұғымдарын кеңейту.
1. Сөйлем ішіндегі сан есімді дұрыс танып, оларға сұрақ қоя білуге үйрету.
2. Грамматикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл – ойын дамыту.
3. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа баули отырып, сауатты жазуға төселдіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, сұрақ – жауап
Пән аралық байланыс: Ана тілі, әдеп
Көрнекілігі: Суреттер, жұмбақтар, мақал – мәтел.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Жаттығу ауызша тексеріледі. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап алынады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сан есім

Күрделі
Реттік
Есептік
Дара
Ретін
Санын
Қанша? Неше? Нешінші?

ІҮ. Кестемен жұмыс.
а) Екі бағандағы сан есімдерді салыстыру.
Жеті --------------- он жеті
Сегіз -------------- жүз жиырма алты
Алты --------------- жүз отыз сегізінші
ә) Әр бағандағы сан есімдердің неше сөзден құралғанын айту. Бір сөздерден құралған сан есімдердің дара сан есім болатынын, екі немесе үш сөзден құралған сан есімдердің күрделі сан есім болатындығын оқушылар қорытындылап, ережені шығарады.
Ү. Тақтамен жұмыс.
а) Күннің жадын, тақырыпты жазу.
ә) 462 – жаттығу тақтаға орындалады.
б) Сандарды сөзбен жазып, олардың қайсысы дара, қайсысы күрделі сан есім екенін табу.

ҮІ. Топпен жұмыс.
І топ. Өлеңді мәнерлеп оқу. Сан есімдерді табу.
Күрделі сан есімдерді санмен жазу.
ІІ топ. Берілген сан есімдерді сөзбен жазу.
Осы берілген сан есімдерді қатыстырып, сөйлем құрау.
ІІІ топ. Мақалды жатқа жазу. Сан есімдердің астын сызу.

ҮІІ. Шығармашылық жұмыс.
І топ Өлеңдегі буындарға 1 санын қосып оқу арқылы «бір» сөзі бар мақал құрастырып жазу.
Же1 екен 1қазан,
1 - ақ сәтте қойды жеп.
Кү1 етті
Тойдым деп.
Естіп 1кез дү1ді
Жағадағы тү1ді
Паналауға жүгірді.
(Батыр бір рет туады, бір рет өледі)
ІІ топ «Екі» сөзі бар мақал құрастырады.
Баласына ж2ріп,
Ұрсып жатыр к2лік.
2леніп, с2ріп
Алып қапсың «2лік»
2ншілей «2ңді»,
Көрсетпе деп ж2рді.
(Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені)
ІІІ топ «Үш» сөзі бар мақал құрастырады.
3 тентек баласы,
3інші сыныптың
Доп 3ін таласып,
К3терін сынасты.
Бір допты кішкене,
3еуі ап құшаққа
Барынша к3ене,
Тартысты 3 жаққа.
(Ер кезегі үшке дейін)

ҮІІІ. Жатқа жазу.
Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін байқау.
Отыз екі – бәрі алып,
Тұрар іште қамалып.
Ашылғанда қос есік,
Көрінеді ағарып.
Сан есімдерді табу. Қос сөзінің қандай сан есім орнына қолданылып тұрғанын айту.

ІХ. Ойын: «Суретті тап»
Жасырынған суретті табу. Ол үшін жұмбақты шешу керек. Жұмбақта берілген сан есімді табу.
І топ Үш көзді батыр, жолды аңдып жатыр.
ІІ топ Екі айнасы бар, екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар, бір шыбыртқысы бар.
ІІІ топ Үстінде екі тауы бар,
Кезікті бір жануар.

Х. Өздік жұмыс.
Оқушылардың күрделі сан есімдерді жазуда сауаттылықтарын анықтау.
І топ Биылғы жыл, ай, күн, апта күнін сөзбен жазу.
ІІ топ Өздерінің туған жылдарын, күндерін сөзбен жазу.
ІІІ топ Қазақстанның қай жылы тәуелсіздік алғанын, айы күнін сөзбен жазу.

ХІ. «Бес жол өлең»
1) Қазақстан
2) Тәуелсіз, егеменді
3) Гүлденеді, көркейеді, жасарады.
4) Мен Отаным Қазақстанды сүйемін!
5) Ел, мемлекет

ХІІ. «Мағынаны тану»
а) Қ. Мұңайтпасов туралы әңгімелеу.
ә) Мәтіннен сан есімі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.
ХІІІ. Қорыту. Берілген сан есімдерді кестеге топтастыру. Оқушылардың сан есімдерді ажырата алу біліктіліктерін анықтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама