Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Дара және күрделі сын есім
Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін саралап жинақтау,
одан әрі тереңдету. Дара және күрделі сын есім туралы алған білімдерін пысықтау, тиянақтау.
Дамытушылық: Танымдық қабілетін, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге,
сауатты жазу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: адамгершілікке, табиғатты танып, қорғап білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: кесте, суреттер, сызба, ребус, текше, семантикалық карта, Венн диаграммасы, «Негеш»энциклопедиясы, «Маңғыстау».
Әдістері: Топтастыру, талдау, түсіндіру, сұрақ - жауап, жинақтау, дәлелдеу, салыстыру,
сәйкестендіру, топпен жұмыс.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру. 449 - жаттығу.
3. Қызығушылығын ояту.
1 - топ. Ойын: «Кубизм»
2 - топ. Ойын:»Орнын тап»
3 - топ. Көркем жазу: Қ қ Қызыл, қара, қызғылт.

4. Жаңа сабақ.
1. Орман түрлерімен танысу.
ОРМАН
Жалпақ жапырақты орман
Қылқан жапырақты орман
қайыңды орман
шыршалы орман
еменді орман
қарағайлы орман
аралас орман

- Орман қалай қорғаймыз? Орман туралы қандай шығармамен таныстық?
Орманға байланысты мақал - мәтелдерді ата.
Сын есімдерді тап. Қандай сын есімдер?

5. Оқулықпен жұмыс.
451 - жаттығу. Мәтінмен жұмыс.
Егер сын есімдерді алып тастасақ не болады?
«Аралас орман»
Дара сын есім -----------------------Күрделі сын есім
Аралас --------------------------------сап - сары
ғажайып ------------------------------қоп - қоңыр
қызғылтым-------------------------- жасыл күрең

Жол тапсырмасы. Сөздік жұмысы.
«Қайыңды орман»
452 - жаттығу. 1, 2 – сөйлем – 1 – нұсқа.
3, 4 – сөйлем – 2 - нұсқа.
Тапсырма: 1. Сын есімдердің астын сыз.
2. Түрін анықтау.

6. Жеке жұмыс. Сөйлем мүшелеріне талдау.
Бөлмеге ақ шашты әже кірді.
Жол тапсырмасы. Венн диаграммасы. Өзіндік жұмыс.
«Еменді орман»
453 - жаттығу. Ауызша.
1 - топ. Ақ – ақ құба, ақ ала, ақ боз, ақ сақалды, ақ маңдайлы.
2 - топ. Қоңыр – қоп - қоңыр, тым қоңыр, өте қоңыр, қызыл қоңыр.
3 - топ. Боз - ақ боз, боп - боз, боз ала.
Жол тапсырмасы.
Күрделі сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
«Шыршалы орман»
454 - жаттығу. Өлеңді жатқа жазу.
Күрделі сын есімнің астын сызу.
Жол тапсырмасы.

Сөздік жұмысы: құба жон.
Маңғыстау жерінде құба жондар, ақ боз аттар бар ма?
«Қарағайлы орман»
Сематикалық карта. Тексеру.
7. Қорытынды: Сын есім туралы не білдік?
8. Үй жұмысы. 455 - жаттығу.
9. Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама