Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Дара және күрделі сын есім
Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыра отырып, дара және күрделі сын есім туралы мәліметтер беру.
Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, сөйлеу мәдениетін арттыру, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, әдептілікке, сауаттылыққа жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау - жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, үлестірмелі қағаздар, слайдтар, суреттер.

Сабақтың барысы:
1 - кезең: Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
2 - кезең: Еске түсіру сәті
-«Толықтыру тесті»
3 - кезең: Сергіту сәті
4 - кезең: Тіл дамыту жаттығулары
5 - кезең: Ой сергіту жаттығулары
- сызбаны толықтыр
- шығармашылық диктант
6 - кезең: Қорытынды.
- «Сатымен кім тез көтеріледі?»
7 - кезең: Бағалау
8 - кезең: Үйге тапсырма

Сәлемдесу
"Сәлем" деп амандасамыз қолымызбен,
"Сәлем" деп қараймыз көзімізбен,
"Сәлем" деп айтамыз аузымызбен.
"Сәлем! "
Қуаныш сыйлаймыз бәріңізге.

Ақпанның жиырмасы
Сынып жұмысы
Дара және күрделі сын есім
Еске түсіру сәті
Толықтыру тесті
1. Зат есім дегеніміз -____________________
2. Зат есімнің сұрақтары _________________
3. Етістіктің сұрақтары ___________________
4. Сын есімді қойып жаз.
__ __ балаға айтсаң – білер,
______ балаға айтсаң – күлер.
5. Етістікті тауып жаз.
Жанар, келді, биік, жиырма. ______________

1. Етістік дегеніміз -____________________
2. Етістіктің түрлері
_____________________________
3. Сан есімнің сұрақтары
_____________________________
4. Сын есімді қойып жаз.
______ балаға айтсаң – білер, ______ балаға айтсаң – күлер.
5. Сан есімді тауып жаз.
Жанар, келді, биік, жиырма. _______________

Сын есім дара және күрделі болады.
Дара сын есім бір сөзден жасалады: сары, биік.
Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден жасалады: сары ала, қара торы.

Тіл дамыту жаттығулары
1 - жаттығу.
*Екі бағандағы қарамен жазылған сын есімдерді салыстыр.
*Екі сөзден құралған сын есімдері бар сөйлемдерді көшіріп жаз.
Дара және күрделі сын есім слайд жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама