Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Дарынды жас - еліміздің болашағы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Құттықожа ауылы, №164 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Курбаназарова Дариха Налибаевна

Дарынды жас - еліміздің болашағы
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасында, соңғы жолдауларында білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеті, яғни жастарды осы заман талаптарына сәйкес оқыту және тәрбиелеу қажеттігін анықтап берді, сондықтан тәуелсіз қазақ елінің өсіп – өркендеуі мен гүлденуі – дарынды жастарды тәрбиелеу – бүкіл ұстаздарға зор міндет жүктейтіні сөзсіз.
«Баланы оқытудың мақсаты — оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз — ақ дамуға қабілетті ету», — дей отырып Эдгард Хабард бүгінгі таңдағы білім берудің мүмкіндіктерін айқындайды. Өзгермелі қоғамдағы білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне мүмкіндік тудыру екеніне көз
жеткізудеміз.
Жалпыға бірдей жағдайда оқып жатқан балалардың бірі әуден-ақ «білім қағып» алса, екінші балаға соны ұғынуға көп уақыт пен күш керек. Сондай - ақ, бір адам мамандығының шыңына жетсе, екіншісі қанша талпынса да ортаңғы қатардан табылады.
Жеке бір адамға тән жалпы және арнаулы қабілеттерінің байланысып келіп іс - әрекетте өзгелерден ерекше қырынан көрінуі – дарындылық.
Осы дарындылықтың жоғары деңгейде дамыған түрін талант дейміз. Ал дарындылық пен талант одан әрі дамып, данышпандық қасиетін тудырады. (Данышпан деген атаққа адамзат тарихында тек 400 - дей адам ғана ие көрінеді)
Балалардың дарындылық қасиеттерінің бәрі бірдей бірден жарқырап көріне бермей де қалуы мүмкін. Оған сол адамның темпераменті, мінезі, т. б. себеп болуы мүмкін. Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын дер кезінде айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі міндет болып табылады.
Өз табиғатында дарындылық қабілеті бар баланы да, тәрбиенің нәтижесінде жетістікке жеткен баланы да тәрбиелеу керек, сол балалардың бойындағы қабілетті танып, тауып, қабілетін ұштау – міндетіміз. Дарынды бала болашағымыз үшін, қоғам үшін өте маңызды. Әрбір талантты адам
шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етіп, қоғамға зор пайда келтіреді. Қоғамның болашағы тек қана саяси лидерлерге ғана байланысты емес, оның болашағы, үдеріс сол қоғамда қанша дарынды, талантты балалар өсіп келеді, соған да байланысты. Қабілетті, дарынды балалар көбінесе шапшаң, тез ойланатын, көп көлемде білімді меңгеретін, оны ұзақ уақыт бойына ұмытпайтын болып келеді. Түсінігі өте жоғары, сезімтал, жоспарлаған ойын, алдына қойған мақсатын қалайда орындауға тырысатын, түйсігі ерте дамып, моральдық қасиеттерге бай, қиялы ұшқыр, батыл әрекеті басым болып келеді.
Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын дер кезінде айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі міндет болып табылады.
Шығармашыл мұғалімдер білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін балаларға қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты міндеттер – білім саласында ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе.
Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады. Тәжірибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпы мектептік саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетеді. (Нұсқаулық 72 - бет). Осы жаңа бағдарламамен жұмыс барысында менің өмірге деген, білімге деген, жаңаша көзқарасымның өзгеруіне тренерім Ұлбала Хамитқызының еңбегі өте зор деп айта аламын. «Жақсы істің басында, жақыны жүрер қасында» дегендей мектептегі тәжірибе кезіндегі сабақтарымды жаңаша жоспарлап, жаңаша өту жолында «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім өзін ізденуге жетелейді» - деп Ж. Дистерверг айтқандай бағыт бағдар бере отырып, жаңа формадағы сабақ түрлері, деңгейлік тапсырмалар дайындау мен беру жолдары, күрделі тапсырмаларды орындатуда оқушыларды жігерлендірудің өзі өте маңызды рөл атқаратындығын ұғындырды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама