Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Дарынды оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспары (физика пәні бойынша)
Физика пәнінің мұғалімі:
С. К Оразбаева
Дарынды оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспары 2014 – 2015 оқу жылы

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай. Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Ойлау, іздену - табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс - әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез - келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек десе, ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән дейді
Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол - аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.
Сонымен, дарынды дегеніміз - адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда /оқушыларда/ кездесетін қасиетті айтамыз.

Дарындылықты анықтаудың мынадай параметрлері бар.

Оқушының танымдық /білім/ іс-әрекетінің басқа оқушылардан озық дамуы
Психологиялық жоғары дамуы
Дені сау, жан - жақты толық дамуы
Ойлау қабілетінің озық болуы
Айналадағы құбылыстарды не басқа процесстерді етене жақын түсінуі
Туа бітті шығармашылық қабілеттің

Дарындылықтың түрлері

Интеллектуалды
Академиялы
Шығармашылық
Көсемдік /лидер/
Көркем орындаушылық

Дарындылықты анықтау критерийлері

Теориялық материалды толық игеруі
Мартериалды игеруде табандылық көрсетуі/бастап кетпеуі/
Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту
Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану
Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы
Өзіне - өзі талап қоя білуі
Тапсырылған жұмысты сапалы орындауы

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

Оқушының тарау бойынша өз бетімен тест құра білдіруі
Тақырып бойынша модель құруға үйрету
Алынған білімдерді әр сабақ сайын дамыту.
Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану
Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы
Өзіне – өзі талап қоя білуі
Тапсырылған жұмысты сапалы орындалуы.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама