Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Ашық сабақ 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері.
Сабақтың мақсаты: 1. Дауыссыз дыбыстың жасалу орнына, жасалу жолына, жасалу тәсіліне, үннің
және салдырдың ішкі сапасына, қатаң - ұяң сыңар түзуіне, әр дыбысқа қажетті
толық мінездеме бергізіп, олардың табиғатын дұрыс танытып меңгерту,
2. Дыбыстық мінездеме жасауды үйрете отырып, оқушылардың ой – өрісін дамыту.
3. Шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып ойлау, таным белсенділіктерін арттыру эстетикалық көзқарасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, суреттер т/б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
«Жүректен жүрекке.» Оқушылар бір - біріне жақсы тілектер айту.

ІІ. Жаңа сабақ
1. Қатаң дауыссыздар
Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.
Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш
2. Ұяң дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыры басым болады.
Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з.
3. Үнді дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз.
Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді:
- ауыз жолды: й, л, р, у;
- мұрын жолды: м, н, ң.

1. Мақалды түсініп оқып, жаттап алыңдар. (мағынасын ашу)
Білім алмай «болдым» деме,
Еңбек етпей «толдым» деме.
2. Жұлдызшаларды нөмір ретімен қойып, сөзді оқыңдар.
«Толдым» сөзіндегі дауыссыз дыбыстарға дыбыстық мінездеме беріңдер.
1. Бұл – дауыссыз дыбыс. Себебі,.....
2. Үн мен салдырдың қатысына қарай – қатаң дауыссыз дыбыс. Себебі,....

1. Бұл – дауыссыз дыбыс. Себебі,.........
2. Үн мен салдырдың қатысына қарай – ұяң дауыссыз дыбыс. Себебі,.....

1. Бұл – дауыссыз дыбыс. Себебі,.........
2. Үн мен салдырдың қатысына қарай – үнді дауссыз дыбыс. Себебі,....
«Телефон» ойынын ойнау (ауызша)
ІІІ. Сабақты қорытындылау
Білімдеріне қарай бағалау, мадақтау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама