Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
(Ашық сабақ, 5 - сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушыларға дыбыстардың жіктелуі, дауыссыз дыбыстар олардың түрлері, жасалу жолдары туралы білімдерін тиянақтау, бекіту;
тәрбиелік – оқушыларды сауаттылыққа, көркем жаза білуге, талдау жұмыстарын жүргізуге тәрбиелеу;
дамытушылық – ойларын жинақтау, шығармашылығын дамыту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, ойын, талдау
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, суреттер
Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. (Бүгін біз сіздермен қазақ тілі сабағын өткіземіз. Бүгінгі сабақтағы білімдерін фишка арқылы бағаланады – «5» - қызыл, «4»- сұр,
«3»- сары түсті) Сабаққа дайынбыз ба? Ендеше, көктемгі шуақты күні сәттілік тілеймін.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3. Оқушылардың ынта - зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау

1. Білімдерін тексеру үшін тақтаға назар аударайық.
Тақтада құлыптаулы сандық бар екен.
Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады дегендей жұмбақты шешейік, сандықты ашайық.

Жұмбақ
Бір ағашта отыз жеті алма,
Оны алып жемек болсаң,
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді
Қалғандары қақтығып барып өтеді. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар)

Жақсы, балалар, сандық ашылды ішінен әріптер шықты, енді осы әріптер қандай дыбысты білдіретінің тексеру үшін мына табақшаларға салайық.

2. Анықтау сұрақтары
1 - ші табақшадағы дыбыстарға назар аударамыз.
1. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
2. Дауысты дыбыстар қалай жіктеледі?
(Оқушылар дауысты дыбыстардың жіктелуін айтады)

Берілген кестені толтыру

Қорыту: Дауысты дыбыстарды жіктедік, оны білеміз.

Енді осы дауысты мен дауыссыз дыбыстарды салыстырып көрейік. Не айта аласыздар?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Дауыссыз дыбыстардың түрлері
1. а – б, ә - в, о – п, ө - р, ұ – с, т. б
Берілген дыбыстардың айтылуындағы өзгешеліктерді салыстыра отырып, дауыссыз дыбыстың ережесін шығару.
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. (Ережені айту)
Ендеше бүгін сабақта нені оқып білеміз? Біздің мақсатымыз не?
Балалар, дауыссыз дыбыстар қалай жіктеледі?
(қатаң, ұяң, үнді)

2. Дауыссыз дыбыстардың түрлеріне сызба арқылы талдау жасау
Дауыссыз дыбыстар саны - 25.
Дауыссыз дыбыстар түрлері 3-еу қатаң, ұяң, үнді.

Павлодар қаласы «№9 ЖОББГМ»ММ
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Карманова Нұргүл Аманжолқызы

Дауыссыз дыбыстардың түрлері. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама