Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Дауыссыз дыбыстардың түрлерін қайталау, бекіту
Сабақ тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлерін қайталау, бекіту (слайд түрінде)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: дауыссыз дыбыстардың жолдарын қайталау, бекіту.
Дамытушылық: өткен сабақты бүгінгі сабақпен байланыстыра қайталау, оны жазу мен сөйлеуде қолдана алуға үйрету арқылы оқушыларды өз бетімен жұмысқа баулу, біліктілік дағдысын арттыру.
Тәрбиелік: оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа бейімдеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі карточкалар.
Әдіс - тәсілдері: дамытушылық технологиясы, сұрақ – жауап, талдау.
Сабақтың түрі: қайталау, бекіту, қорыту сабағы.
Міндеттері:
А) дауыссыз дыбыстардың жасалуын меңгеру:
Ә) дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырату:
Б) дауыссыз дыбыстардың жазылуын білу:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасып, сабаққа қатысулары мен дайындықтарын тексеру. Жылдың қай мезгілі, айды аптаның қай күні екендігін сұрау арқылы әңгімеге тарту.
2. Оқушылар біз өткен сабақта үйге қандай тапсырма алдық. 269 - жаттығуды сұрау, тексеру
Слайд 2, шөп, шың, жел, жол.
3. Ал енді балалар біз бүгінгі сабақта дауыссыз дыбыстарды, олардың түрлерін қайталаймыз.
4. Бірінші сұрақ: Дауыссыз дыбыстар қалай жасалады? (3 слайд, 4 слайд)
Сонымен балалар біз дауыссыз дыбыстардың жасалу жолдарын біледі екенбіз. Олай болса мына класстерге көңіл бөліңіздер. Дауыссыз дыбыстар салдыр мен үнің қатысына қарай қандай топтарға бөлінеді.
5 слайд; 6слайд;
7 слайд; 8 слайд
Сонымен балалар теориялық жағынан дауыссыз дыбыстардың жасалу жолдары мен түрлерін класстердің көмегімен, мысалдар арқылы жақсы түсініп қайталадық. Енді өздігінен жұмыс істеп жаттығуларды орындап, алған білімімізді тиянақтайық.
274 – жаттығу ауызша суретке қарап әңгіме құрау.
Шығармашылық жұмыс.
Сабақты қорыту: сұрақ, жауап.
Үйге тапсырма:
Оқушыларды бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама