Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дауыссыз л, р, ң дыбыстары
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Қазақ тілі 2 сынып
Осы сабақтың оқу мақсаттары: 2. 4. 1. 4 дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазу
Бағалау критерийлері Барлық оқушылар:
2. 4. 1. 4 дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін қолдана біледі
Көптеген оқушылар: дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін қолдана біледі, сөздердің жазылуын есте сақтай алады
Кейбір оқушылар: Дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін ажыратып, дәлелдей алады
Тілдік мақсат: Дауыссыз дыбыстар
Пән аралық байланыс Әдебиеттік оқу, дүниетану
Басы
Білу
Ширату
«Су - ли - фо» (өткен дыбыстарға тоқталу)
(Неше сөз ойлай алады қ, к, п дыбыстарына)
Мысал келтіру Сол сөздерді дәптерге жазу

Ортасы

Мақсат қою
Дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесі
Дауыссыз дыбыстар екенін айту
Л, р, дыбыстарының сөз басында келген жағдайдағы жазылу емлесі айтылады.
Ра - ра - ра
Гүлге қонды ара т, б. сөздерді өздері құрастыру және айту.
– Бұл дыбыстардың естілуі мен жазылуына байланысты қалай айтсақ, солай жазылады? (Қалай естілді, солай жаздық).
«Кел, ойланайық» жұмбақ шешіледі. Қарамен жазылған сөздердің (лезде, іліп) жазылуы салыстырылады.
Дауыссыз н мен ң
– Енді балалар ң дыбыстары кездесетін бірнеше сөз ойлаңдар.
ң дыбыстары сөздің ортасында келетіндігі анықталады.
. Мысалы: қаң - бақ, қо - ңыз.
Кейбір оқушылар қоң - ыз деп буынға бөлуі мүмкін.
«Есіңде болсын» ережемен таныстыру. Ң дыбысы екі дауысты дыбыстың ортасында келген жағдайда сөздерді буынға бөлген кезде, ң дыбысы келесі буынның басында келетіндігі түсіндіріледі.
тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне тасымалдатып жазғызу
1 тапсырма
л, р, ң дыбыстары бар сөздер ойлау
2 - тапсырма «Қай әріпті жоғалттым ойыны»
Қайы...,... ақ,... оза т. б
3 - тапсырма
Өлеңнің ішінен бүгінгі өткен дыбыстарды табу
Ширату: Қызыл өрік әніне қимылдар жасау.
Терме диктант. тақтада бірнеше сөздер жазылады. Оқушылар олардың ішінен ң әрпі кездесетін сөздерді ғана теріп, тасымал түрін көрсетіп жазады.
Радио лимон аңызық, қарындас, жаңғақ, баспалдақ, таңғы, кеңес, қуаныш, кеңес.
– Аңызақ сөзінде ң әрпі екі дауысты дыбыстың ортасында келіп тұр? Осы сөзді ң әрпінен бастап тасымалдауға бола ма?
Бұл жерде сөздің а - ңы - зық деп буынға бөлінетіндігі, бірак а - ңызық деп тасымалдауға болмайтындығына оқушылардың көзін жеткізу керек. Бір дыбысты буын тасымалдауға келмейтіні, яғни а - ны жалғыз жолға қалдыруға болмайтындығы айтылады.
Соңы
Плакатта маркермен сөздер жазу, оны қорғау
Сабақты қорытындылау.
– Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
– Үнді дауыссыз дыбыстарды кім атап береді?
– Л, р дыбыстары сөз басында келген жағдайда, олардың айтылуында қандай дыбыстар қолданылады?
– Ң дыбысы екі дауысты дыбыстың ортасында келген сөздерді қалай тасымалдаймыз?

Кері байланыс
Сабақтың өн бойында дұрыс емес жауаптарға түзетулер енгізілді.
Дискриптор:
1. Дауыссыз л, ң, р дыбыстарының емлесін қолдана біледі
2. Сөздердің жазылуын есте сақтай алады

№10 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Мұғалім: Шоланова Гүлжамиға

Дауыссыз л, р, ң дыбыстары жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама