Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды қайталау
Қазақ тілі 2 сынып
Тақырыбы: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды қайталау
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды жетік ұғыну үшін, пысықтап қайталау.
Дамытушылық: Оқу - танымдық құзыреттілігін қалыптастырып, оқушының ой - өрісін,
білімділігін арттырып дамыту.
Тәрбиелік: Салауаттылыққа, қамқорлыққа, ұқыптылыққа, таза жаза білуге,
дұрыс сөйлей білуге тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс
Типі: Қайталау сабағы
Технологиясы: Компьютерлік оқыту технологиясы
Әдіс - тәсілдері: Ынталандыру, топтық, дискуция, сұрақ - жауап, көрнекілік, ойын әдістері.
Көрнекілігі: слайд, плакат, суреттер, фишкалар.
Пән аралық байланыс: Информатика

І. Кіріспе - қызығушылықты ояту кезеңі
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа назарын аударту.
Психологиялық дайындық:

- Оқушылардың көңіл - күйін смайликтер арқылы білетін боламын.
- Қуанып тұрған оқушы көңіл - күйі жоқ оқушыларға ізгі тілегін айтады.

Сабақтың мақсат - міндетін талдау.
ІІ. Танымдық - операционалдық кезең

Өткенді қайталау.
- Оқушылар, бүгін біз дауысты және дауыссыз дыбыстарды қайта лап пысықтаймыз.
- Бәріміз қайталау сабағына дайынбыз ба?
1, 2, 3 сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
- Қайталау сабағы III турдан тұрады және сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді.
- Сабақ сайыс түрінде өтіледі.
- Топтың аттары және топ басшылары болады.
Топ аттары:
I топ: «Алға» тобы
II топ: «Жеңіс» тобы
III топ: «Тапқырлар» тобы.
- Дұрыс жауап берген топқа жұлдызшаны таратып, жеңген топты жұлдызша арқылы анықтаймын.

I турда 3 тапсырма болады.
1 - тапсырма:
10, 20, 30 - ұяшықтардың бірін таңдап, әрбір топ таңдаған ұяшықтарындағы жасырылған сұрақтарға жауап беру керек.
Әрбір ұяшық 1 сұрақтан құралған.
1 - ұяшық:
1. Дауысты дыбыстар тілдің қызметіне қарай нешеге бөлінеді және олардың әрқайсысына мысал келтір.
2 - ұяшық:
1. Төменде көрсетілген дауыссыз дыбыстарды талда
Б, в, с, ж.
3 - ұяшық:
1. Қатаң Х х дыбысынан басталатын 3 сөз.
Мысалы: Хат, Хабар, Халық.

2 - тапсырма
- Суретпен жұмыс
- Тақтада 3 сурет тұрады
1 - топ
Жеміс - жидектер:
1. Алма.
2. Қарбыз.
3. Алмұрт.
4. Мандарин. 2 - топ
Жануарлар:
1. Ит.
2. Қасқыр.
3. Аю.
4. Түлкі.
3 - топ
Көліктер:
1. Автобус.
2. Камаз.
3. Трактор.
4. Экскаватор.

- Осы суреттердегі бастапқы әріптерінің қандай дыбыс екенін ажыратып, 3 топ ойласып айту.

3 – тапсырма
3 топқа екі - екеуден таратпа карточкадағы сөздерді оқып, буынға бөліп, қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыс бар екендігін табу.
I топ II топ III топ
Көрік Өжет Қалам
Көкек Парта Орындық

- Дәптермен жұмыс:
II турымыздың аты «Каллиграфиялық жаттығу» деп аталады.

Каллиграфиялық жаттығуда: оқушылар жазу дәптерлерімен жұмыс жасайды.
- каллиграфиялық жазу дәптерлеріне төмендегідей тапсырмаларды орындайды:
- Мм Мм Мм
- Нн Нн Нн
әріптерін көркем етіп жаз.
Сөйлемді толықтыр:
Әнші ән.........
Биші............
Күйші...........
- Оқушылардың яғни, 3 топтың көркем жазуы қалай екендігін тексеремін және ең әсем жазған топқа жұлдызша фишкасын беремін.

- Енді, оқушылар дәптерлерімізді бір шетіне қойып бір сәт серігіп алу үшін сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті:
“ Мейірім ”
Жақсы сөз жаныңды жадыратады. Қуаныш сезімі билейді. Ендеше өзгелерге де жақсылық сыйлап көрелік. Өзіңнің парталасың туралы қандай жақсы сөздер айтар едің? Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі. Ол туралы әңгімеңіз қысқа, нақты болуы
керек, әсіресе қандай қасиетін бағалайтыныңды айту керек.

III турымыздың аты:
«Құстар біздің досымыз» атты ойын

ІІІ. Қорытынды - рефлексиялық кезең
Қорытынды бөлім.
Қорытынды бөлімінде дискуция әдісін қолданамын.

3 топқа бір - бірден үш сұрақ қоямын.
1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына
қарай жуан, жіңішке болып
бөлінеді.(ия немесе жоқ )
2. Дауыссыз дыбыстар салдыр мен
еріндіктен тұрады. (ия немесе жоқ )
3. Қораз сөзінің бас әріпі дауысты
дыбыс. (ия немесе жоқ )
4. Ф, Ч дыбыстары үнді дауыссыз
дыбыс. (ия немесе жоқ )
5. «Сауысқан» сөзі 2 буыннан тұрады?
(ия немесе жоқ )
6. «Бөдене» сөзінде 3 дауысты
дыбыс бар. (ия немесе жоқ)

Кестені 3 топ толтырады.
Не білдік?
Нені үйрендік?
Не білгіміз келеді?
Үй тапсырмасы:
III топқа ортақ тапсырма:
1. Дауысты дыбыстан басталатын 5 сөз, дауыссыз дыбыстан басталатын 5 сөз жазып келу.
2. Дауысты және дауыссыз дыбыстарға байланысты әр оқушы 5 сұрақ дайындау.
3. «Сауысқан мен көкек» ертегісін тауып оқып келу.

Бағалау
- Оқушыларды 5, 4, 3 фишкалары арқылы 3 топты бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама