Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Дене шынықтыру сабақ жоспарлары
Тақырыптары:
1. Көңілді старттар
2. Жеңіл атлетика

Сабақ жоспары 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көңілді старттар
Сабақтың мақсаты: 1. Салауатты өмір салтын насихаттау.
2. Дене тәртібі арқылы ата - аналармен байланысты күшейту.
Спорттық құралдар: доптар, кеглилер, ракеткалар, стол теннисінің доптары ысқырық т. б.
Сабақ өтетін жер: спортзал

Сабақтың мазмұны
Сапқа тұру
Рапорт беру. Сәлемдесу
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Сап жаттығулары: оңға, солға бұрылу, айлана бұрылу.
Бір орында тап - тап басып жүру.
Жүру, жүрудің түрлері: аяқтың үшімен, өкшемен, аяқтың сыртымен, аяқтың ішімен.
Жүгіру, жүгірудің түрлері: оң иықпен, сол иықпен, тізені жоғары көтере жүгіру.
Жүру. Тыныс алу жаттығулары. терң мұрынмен дем ал, ауызбен ауаны шығар, денені босат.
Бір орында тұрып жалпы жаттығуларды жасау:
1. Қолдарға. 2. Кеудеге. 3. Аяққа

Негізгі бөлімге реттелу
1 Ойын. Топтардың алдарында «Көңілді старттар»
деген сөйлем бөлек әріптерімен жиналған.
Жүргізушінің белгісі бойынша алдында тұрған оқушы бірінші әріпті жүгіріп апарып қарсы қабырғаға сүйейді де қайтып келеді. Екінші әріпті екінші апарады, үшінші әріпті
келесі апарады. Сөйтіп «көңілдіні» бір команда, «старттарды» екінші команда құрайды.

2. Ойын. Бірінші тұрған баскетбол добын аяқтарымен қысып алып белгілі бір межеге барып қайтады, екінші волейбол добын қысып алып барып келеді. Үшінші баскетбол добын секіртіп алып жүріп келеді. Сөйтіп барлық оқушы орындайды.

3. Ойын. Алдыңғы оқушы қарсыдағы баскетбол торына қарай допты секіртіп жүгіреді. Белгіленген межеге жетіп, сол межеден допты торға тастайды да допты секіртіп қайтып келіп келесі балаға береді. Олда соны қайталайды.
Сөйтіп барлығы орындағанша.

Ойынға 2 мин. беріледі
4. Ойын. «Теңге алу» Алдыңғы оқушы қолында дорба.
Дорбаның ішінде теңгелер (кубиктер). Төрешінің белгісі бойынша жүгіріп теңгелерді әр кеглидың тұстарына қойып қайтып келеді де дорбаны екіншіге береді. Ол жүгіріп барып теңгелерді жиып алып келеді де дорбаны үшіншіге береді. Үшінші теңгелерді тізіп келеді де дорбаны келесіге береді; ол теңгелерді жиып әкеледі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама