Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дені саудың - жаны сау
Тренинг
Тақырыбы:"Дені саудың - жаны сау"
Мақсаты: Ұжымды ұжымдастыру және бір - бірлерінің арақатынасын қалыптастыру.
Тренинг міндеттері:
• Адамдарды топтастыра отырып, жалпы топ мүшелерін бірге жұмыс атқаруға деген құштарлықтарын арттыру.
• Ортақ шешім қабылдауда әрбір топ мүшелерінің өз үлесін қосуға деген жауапкершілігін арттыру.
• өздерінің топ екенін сезіну.

Жүру барысы:
1. Танысу.
– Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Біздер бүгін бәріміз бірге "МЕН+СЕН= БІЗ" – деген тренингті ат салысып өткізейік.

Менің атым....
Мақсаты: танысу, қобалжуды басу, есімдерді жаттап алу.
Қатысушылар шеңберге тұрып, өз есімдерін айтады. Әрбір келесі қатысушы алдындағы қатысушының есімі қайталап, өзінің есімін айтады. Осылайша ең соңғы қатысушы барлығының есімдерін қайталауы керек.

2. Атомдар мен молекулалар.
Мақсаты: қатысушылардың еңбекқорлығын арттыру.
Жүргізуші "Атомдар " дегенде қатысушылар әуенмен көздерін жұмып билейді, ал "молекулалар " дегенде әуен тоқтап үш - үштен топтасулары керек.

3. Кім шапшаң.
Мақсаты: Топтың ұжымдасып жұмыс атқаруы.
Жүргізуші белгілі бір фигураны айтады, соны 3 - ке дейін санағанша құрастыру керек. Мысалы: үшбұрыш, бұрыш, шеңбер, алфавит әріпі.

4. Тек бірге
Мақсаты: қатысушылар бір - бірімен тығыз байланыста болады.
Қатысушылар екіге бөлінеді. Бір – бірінің арқаларын түйістіріп тақап тұрады. Жәй ырғақты әуенмен ажырамай еденге отырады да, дәл сол отырған күйінен ажырамай орындарынан тұрулары керек. Келесі ойыншылар бір - бірімен орын ауыстырып тұрады.
Талқылау кіммен бірге тапсырма оңай өтті, ал кіммен қиынырақ?

5. Сиамдық егіздер.
Мақсаты: бірлесіп жұмыс атқару.
Жұқа матамен бір - біріне жақын тұрған қатысушылардың қолдарын байлау керек. Сол байланған қолдарына фломастер немесе қарындаш беріп, белгілі бір суретті ақылдасып екі қатысушы сурет салуы керек. Соңында сол суретті қорғаулары керек.

6. Қорытынды:
Ал енді барлығың шеңбер бойына тұрып бір - біріне тілек айтсын.
Осымен бүгінгі тренингіміз бітті. Барлығыңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет!
Сау болыңдар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама